Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


) XVI ғасырдың екінші жартысы. Хақназар хан (1538-1580 жж)



бет34/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79
Байланысты:
қаз тарих

2) XVI ғасырдың екінші жартысы. Хақназар хан (1538-1580 жж) Қазақ хандығы (XVI-XVII ғасырларда) — Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары ментайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасыедәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодалақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи-Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығынаҚасым хан тұсында біріктірілген XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты. Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді. Ол билік құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осыған байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаның арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын күйзелтті. Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі Ноғай ордасындағы қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен келіп қосылды. Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды. Ол билік құрған кезінде Хақназарды өлтірген Бұхар ханы Абдолла II (1557-98) тұсында Ташкент маңын билеген Норазахмет (Барақ) ханның баласы Баба сұлтаннан өш алумен болды. Сол жорық кезінде қайтыс болды.
3) Ұлы Отан соғысына қатысқан Атыраулық батырлар Атырау облысынан 42508 жерлесіміз Отанды жаудан қорғауға аттанса, олардың 13287-сі майданнан оралмады. Облысымыз бойынша 9 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды, 4 адам Даңқ орденінің толық иегері, 344 адам түрлі орден, медальдармен марапатталды. 2004 жылы желтоқсанда ҚР Президенті жарлығымен Хиуаз Доспановаға «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Кең байтақ Кеңес Одағы, Еуропа елдерін азат ету жолында ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Кеңес Одағының Батыры, марқұм Қайырғали Смағүловтың ерлігі Социалистік Еңбек Ері, ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романына арқау болса, Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаев Орел облысының Лecки деревнясында шабуыл кезінде жау дзотын кеудесімен жауып, мұндай ерлікті әйгілі Александр Матросовтан 19 күн бұрын жасағаны мәлім. Кеңес Одағының Батырлары: Александр Никифорович Афанасьев, Мұса Баймұқанов, Георгий Федорович Канцев, Иван Федорович Махорин, Филипп Савельевич Мазуров, Мұқат Мұсаев, Иван Николаевич Березин сынды жерлестеріміздің қаһармандығы облыс халықының мақтанышына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет