Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


) Қазақстандағы 1867-1868 жылдарындағы реформа



бет9/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79
3) Қазақстандағы 1867-1868 жылдарындағы реформа: Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның қазақ өлкесi жөнiндегi саясатына елеулi өзгерiстер енгiздi. 1868 жылғы "Уақытша ереженiң” 210 параграфы бойынша қазақтардың жерi Ресей империясының мемлекеттiк меншiгi болып жарияланып, қазақ даласы бүтiндей патшалық Ресейдiң еншiсiне көштi. Ресей императорының жарлығымен бекiтiлген 1867-1868 жылдардағы реформалар арнаулы түрде уақытша, яғни үш жылға деп қабылданды. Үш жылдық тәжiрибе мерзiмi өткеннен кейiн оны қайтадан толықтырып, Қазақстанды басқару жөнiндегi жаңа ереже қабылдануы керек болды. 1867 жылғы Түркiстан генерал-губернаторлығын уақытша басқару ережесi 1871 жылы аяқталды. Сол жылдың басында Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы Кауфман императорға жергiлiктi отарлау әкiмшiлiгi дайындаған жаңа басқару ережесiн ұсынды. Бiрақ ол бiрнеше министрлiктер мен Ресей империясы ведомстволарының сан алуан тексерулерiнен өтiп, жоба көптеген көрсетiлген кемшiлiктермен қайта қайтарылды. Мiне, дәл осындай жағдай Қазақстанның кез келген жерiнде жүрiп жатты. Бiрақ, жоғарыдағы аталған ереже 1891 жылы "Уақытша ереже” болып қайта қабылданды. Аталған ережелер негiзiнде қазақтардың жерi тартып алынып келiмсек мұжықтар мен кержақтарға таратылды. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 миллионнан астам орыс, украин және беларусь келiмсектерi көшiп келдi. Сөйтiп, кең даланы жайлаған елдi мекендердiң аттары өзгертiлiп, оның ұлттық құрамы үлкен өзгерiске ұшырады. Қазақстан патша өкiметiнiң шикiзат базасына айналды. 1867-1868 жылдар аралығында Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернатор құрамына кiрдi. Орынбор генерал-губернаторы құрамында Орал және Торғай облысы болды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола және Семей облысы, Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария және Жетiсу облыстары ендi. Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернаторларының әкiмшiлiк орталықтары Орынбор, Омбы, және Ташкент қалалары болды. Әрбiр облыс уездерге бөлiндi. Уездер болыстарға бөлiнiп, олардың әрбiрiне мыңнан екi мыңға дейiнгi шаңырақ ендi. Болыстар әкiмшiлiк ауылдарына бөлiндi. Олардың құрамына 100-ден 200-ге дейiнгi шаңырақ ендi. 1822-1824 жылдардағы "Жарғы” бойынша Қазақстан әрбiр бас мал үшiн 1 процент көлемiнде жылына ясак төледi. Сонан соң 1837 жылы Орынбор ведомствосында әрбiр үйден бiр жыл iшiнде 1 сом 50 тиын күмiс ақша ретiнде түтiн салығы жиналды. Оған қоса жолдар мен көпiрлердi, мешiттер мен мектептердi, ауруханаларды жөндейтiн қара шығын салығы жиналды. Әр үш жыл сайын өтетiн болыс сайлауына 50 үйден бiр таңдаушы сайланды. Дауыс беру процесi халық арасында шар салу деп аталды. Патша өкiметi Қазақстанды басқару жүйесiне елеулi өзгерiстер енгiзу барысында жаңа ережелер де қабылдады. Мысалы, 1886 жылы 2 маусымда "Түркiстан өлкесiн басқару туралы” Ереже, 1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы” Ереже қабылдады. Егер ХIХ ғасырға дейiн қазақтар кез келген беделдi биге жүгiне алатын болса, ендi тек қана болыстық билерге ғана жүгiне алатын едi. Сөйтiп, "халық соты” жүйесi отарлау аппаратының бiрден-бiр құралы болып, ол дәстүрлi әдеттегi құқықты жоятын және қазақ ауылындағы сауда-саттықпен айналысатындардың мүддесiн қорғайтын басты қаруы болды. Тұтастай алғанда ХIХ ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақстанда жүргiзiлген құқықтық реформа, оның дәстүрлi құқығын бұзып, Ресей империясының құқықтық жүйесiмен ұластырылған реформа болды. 1867-1868, 1886 және 1891 жылдардағы реформалар Қазақстанды бiрден-бiр отар елге айналдырды. ХIХ ғасырдың 50 — жылдарының басында қазақ даласының билiгi Сыртқы iстер министрлiгiнен алынып, Iшкi iстер министрлiгi мен әскери министрлiкке берiлдi. Сөйтiп, Қазақстан халықаралық субъект құқығынан айырылды. Азаматтық және әскери әкiмшiлiк бөлiнбей, ол жаулап алушылық бағыт-бағдарда қызмет iстедi. Қазақтарға қысым жүргiзу тек ұлттық тұрғыдан ғана емес, дiни тұрғыдан да жан-жақты жүргiзiлдi. Iс қағаздары, ауылдық деңгейдiң өзiнде орыс тiлiнде жүргiзiлетiн. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша патша өкiметiнiң әкiмшiлiк мекемелерiне сот билiгi құқығы берiлдi. Сондай-ақ, жоғарыдағы аталған ережелер бойынша әскери соттық комиссиялар құрылды. Олар мемлекетке опасыздық, өкiметке қарсы үгiт, пошта мен көлiкке шабуыл, христиандарды және христиан дiнiне кiргiсi келгендердi, сондай-ақ, лауазым иелерiн өлтiру сияқты қылмыстық iс-әрекеттермен айналысып, олар тонау, талқандау, өртеу, жалған ақша жасауды қараумен шұғылданды. Қазақтардың әдет-ғұрып құқына елеулi өзгерiстер ендi. Мысалы, отбасы некелi құқығына қарасты жесiр даулары билер сотының қарауында қалды. Бiрақ, билер сотының шешiмiне уезд бастығына немесе әскери-губернаторға шағым жасауға болатын. Осындай сот жүйелерi Қазақстанда 1917 жылға дейiн қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет