Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


) ЖЭС жылдарындағы жер су реформасы



бет62/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
3) ЖЭС жылдарындағы жер су реформасы Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.
30-билет
1)Қазақ даласындағы ән күй өнері Асан Қайғы, Бұхар жырау, Сыпыра жырау, Маңғыстау өңірінен шыққан Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл және тағы басқа ірі-ірі тұлғалар талай жырларды өмірге әкелді. Біздің тақырыбымыз музыка өнерінің саңлақтары жайлы. Алдымен қазақтың музыкалық аспаптары туралы дерек берген жөн. Өйткені, олар ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Ғалым Болат Шамғалиұлы Сарыбаев 1964 жылдан бастап қазақ музыка аспаптарын түбегейлі зерттеп шықты. Ол Қазакстанның, Моңғолияның аймақтарын шарлады, шебер О.Бейсебаевпен бірге көптеген ұмыт қалған музыкалық аспаптардың түрлерін жасап, жетілдірді. Болат Сарыбаевтың музыкалық аспаптар жинаудағы еңбегіне, шартарапты шарлап жинаған мұраларына қалайша таңкалмассың! Қазақ музыкасының, ән-күй өнерінің атасы деп VII -VIII ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата аталады. Оның ел ішінде сақталған «Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Арыстанбаб», «Тәңіркүй» және тағы да басқа шығармалары бар. Ғұлама философ Әбу Насыр әл-Фараби музыкатанушы бола алды, өзі саз аспабында ойнаған, ән салған, сонымен қатар ән-күй шығарған. Оның «Музыканың ұлы кітабы» атты шығармасы музыка әрі физика мен математика туралы қағидаларын да камтиды. Ол музыканың тәжірибелік және теориялык негіздерін, музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Қылқобыз казақтың ыскылы, ішекті музыкалық аспабы болып есептелінеді. Қобыз туралы түп нұсқа деректер Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты. Д.Тезекбаев қобыздың ішектерін екіден төртке дейін жеткізді. Қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-контрабас болып дамытылды. Қорқыт атадан кейінгі белгілі қобызшы сазгер, кыл қобызда ойнаудың асқан шебері Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туды. Әкесі Дүкен осы өнерге баулыған. Ықылас қобыздың дыбыс көлемін байытты, ырғағына ұтымды өзгерістер еңгізді. Оның күйлері — «Ықылас күй», «Қоңыр күй». «Кертолғау», «Ерден күй», «Жез киік», «Қамбар — Назым», «Аққу» жэне тағы басқалар. Ықыластың ұлы Түсіпбек те әке ізін жалғастырып, шебер қобызшы болған. Ыкыластың қобыз аспабында ойналатын күйлер мұрасын 20-ғасырға Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев жеткізген. Д. Мықтыбаевтың шеберлігін Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі» және Болат Сарыбаев «Қазақтың көне аспаптары» кітабында атаған. Жаппас Қаламбаевтың «Кер толғауы», «Жұман күй», «Қазақ маршы», «Еңбек маршы», «Амангелді маршы» және тағы да басқа ән, романс, күйлері бар. Осындай деректерді музыка зерттеушісі Пернебек Момынұлы «Қазақтың музыка тарихы» атты кітабында келтірген. ХІХ-ХХ ғасырларда Біржансал Қожағұлов, Ақансері Қорамсаұлы, Мұхит Мералиев, Абай, Балуан Шолақ Баймурзин, Жаяу Мұса Байжанов, Мәди Бапиев, Ыбырай Сандыбаев, Қүлтума Сармұратов, Естай Беркімбаев, Әсет Найманбаев, Нартай Бекежанов, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Қасымжан Бабақов, Темірболат Арғынбаев, тағы да көптеген әнші-сазгерлер өмір сүрді. Өз әндерін орындаған сазгерлер қатарына Ғаббас Айтбаев, Жарылғапберді Жұмабаев, Шашубай Қошқарбаев, Қалқа Жапсарбаев, Құдайберген Әлсейітов, Сәтмағанбет Ахметов, Мария Рекина да (халық оны Мариям Жагорқызы деп атайды) қосылады. Асқақ әншілер қатарында Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Елубай Өмірзақов, Қалыбек Қуанышбаев, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Мәжит Шалқаров, Ілияс Шәймерденов, Нұғыман Әбішев, Жүсіп Сейілов, Рахия Қойшыбаева, Жамал Омарова, Байғали Досымжанов, Әнуар Үмбетбаев, Кәукен Кенжетаев, Шабал Бейсекова, Рабиға Есімжанова, Мәжит Шалқаров, Тамты Ибрагимова, Нағима Әбілова есімдерін атау керек. Бишілердің ең басында Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова, Сара Көшербаева тұрары сөзсіз.
2)1920-30 жылдардағы қазақстандағы мәдени құрылыс Ересектер арасында сауатсыздықты жою Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі: 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында. Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 ин¬тернат жұмыс істеді.Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Әдебиеттің дамуы: XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.С. Сейфуллин «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды.І. Жансүгіров «Құлагер», Б. Майлин «Азамат Азаматыч», И. Байзақов «Құралай сұлу», Ғ. Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж. Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды. Б. Жәнікешов, Б. Ізтөлин азамат соғысы жылдарындағы белгілі ақындар.Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б. Майлиннің «Жалбыр», М. Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды. Қазақ әдебиетінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де алатын орны ерекше. Мысалы, қазақ жеріндегі ұжымдастыру жөнінде Мате Залка «Тұман тұмшалаған ауыл» атты романын жазды.20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды.Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.А. Байтұрсынов И. А. Крыловтың шығармаларын, Ж. Аймауытов М. Ю. Лермонтов пен А. С. Пушкиннің, Ғ. Тоқай Ф. Шиллердің шығармаларын;М. Жұмабаев М. Горький мен Г. Гейненің, Гете мен Д. МаминСибиряктың, В. Ивановтың шығармаларын аударды.Ж. Аймауытов «Интернационалды» аударды.Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқарбаевтың т. б. ақындардың өлеңдері мен дастандары қазақ поэзиясын одан әрі дамытты.XX ғасырдың 20–30 жылдарында Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Д, Әбілов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Т. Жароков бастаған жас буындар әдебиет саласында белгілі бол-ды.Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді. Мысалы, жазықсыз жолмен М. Дулатов түрмеге қамалып, 1935 жылы қайтыс болса, А. Байтұрсынов 1937 жылы атылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет