Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


БИЛЕТ 7 1) Қарапайым физиотерапиялық емшаралар туралы түсінік



бет18/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

БИЛЕТ 7
1) Қарапайым физиотерапиялық емшаралар туралы түсінік
Қарапайым физиотерапия – бұл дәрісіз емдеу, табиғи факторларды медицина саласында ем ретінде, аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын емшара. Терінің ішінде нерв талшықтардың көп болғандықтан рефлекс арқылы қан айналымына әсер етуі. Физикалық факторлар (жылу, суық) теріге әсер етеді, бұлшық еттің тонусына әсер етеді. Нерв рецепторларын жылумен тітіркендіргенде – қан тамырлары кеңейеді, ал суықпен тітіркенсе қан тамырлары тарылады. Жалпы физиотерапиялық емдер ағзаның күш қуатын нығайтады, ұйқыны жақсартады, көңіл күйді көтереді. Физиотерапиялық емге жылытқыш, мұзды мұйық, парафин және озокерит, медициналық сүлікпен емдеу жатады (т.б. түрлері бар). Жылу қан тамырын кеңейтіп қан айналуын жақсартады, ал суық қан тамырын тарылтып ағып жатқан қанды тоқтатады. Мұзды мұйық - жергілікті жерді ұзақ мұздату үшін қолданылады. Резеңке ыдыс, оны ұсақталған мұзбен толтырып, қақпағын жауып қолданады. Жылытуды қолдану. Жылы емшараларға жылытқыш жатады. Жылыту емшаралары тері және теріге жақын жатқан қан тамырлары ұзақ уақытқа кеңейтіп, қан айналымын жақсартады, ауырсынуды басады. Жылытқыш құрғақ жылыту процедурасына жатады. Ол жергілікті жерді жылытады. Жылытқыш ауырсынуды басады, түйілуді жояды. Резіңке жылытқыш. Жылытқыш болмаған жағдайда аузы жақсы жабылатын шыны бөтелкені қолдануға болады. Парафин – құрамындағы қаныққан көмірсутектерінің қоспасы, мұнай өнімі. Одан басқа парафинде изопарафинді, циклопарафинді және нафтенді-ароматты көмірсутектер кездеседі. Түссіз, иіссіз, дәмсіз, балауыз тәрізді балқығыш зат, органикалық еріткіштер мен минералды майларда ериді. Озокерит – майлы бөлігі негізінен парафин тізбегіне қарасты қатты көмірсутектерінен тұратын таушайырлардың топтама жүйелік атауы. Құрамындағы сұйық май мен шайыр мөлшеріне орай озокерит түсі ашық сарғылт реңнен қою қара түске дейін, ал оның заттық болмысы жұмсақ та ақпалы жағдайдан қатты да омырылғыш зат түріне дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Сүлік латын тілінен аударғанда – буылтық құрттар типінің бір классы. Тіршілік ететін төрт жүз түрі бар, еркін қозғалатын жыртқыштар. Гирудотерапия– медициналық сүліктермен емдеу. Сүлік өндіретін бөлінді заттар өте күшті антимикробты қасиетке ие, сүлік қанға өзінің физиологиялық белсенді заттары бар сілекейін шашады.
2. ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ
Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет