Белгілеудің қолданылатын кезі; қүяң мен несеп қышкылдары диатезі. Эритемия және ет пен балық тағамдарын жеуге болмайтын басқа да жағдайларда Белгілеудің мақсаты; пуриндік алмасуды нормаға келтіруге және несеп қышқылының эндогендік жасауларын азайтуға көмектесу.
Жалпы сипаттамасы; пуриндік косылыстары көп азыктар пайдаланбайды. Сілті радикалдары бар азықтар енгізіледі, ас түзы бойынша шектеледі. Калориясы мен қүрамы ; 80-100г белок , 80г май, 400г көмірсутегі, 2700 калорий. Шамадан тыс толық сырқаттарға көмірсутегі шектеледі.
Тамақтану режимі; күніне 5 рет тамақтанады. Сүйықтықты (күніне 2-2,5 л) шай, жеміс-жидек, морс, сілтілі су ретінде көп ішеді.
Диета 7.
Белгілеудің қолданылатьш кезі; сауыға бастау кезеңіндегі жедел нефрит. Несеп түнбасындағы өзгерістері аз созылмалы нефрит. Гипертониялық аурулар және тұзсыз диетаны қажет ететін басқа да жағдайлар. Екіқабат әйелдердін нефропатиясы.
Белгілеудің мақсаты; бүйрекгің қызметін шамалап сақтау жоғары қан қысымы мен ісікке әсер ету.
Жалпы сипатгамасы; тұзсыз диета , тағамдар жинағы мен аспаздық өңдеуі 7а және 76 диеталар сияқты , бірақ қайнатып пісірген ет немесе балык., сондай-ақ ірімшік қосу арқылы белок 80г дейін артады.
Калориясы мен құрамы; 80г белок, ІООг май, 400-500г көмірсутегі, 2800-3200г калорий. Тамақтары ас түзы Зг, С,Р витамині жөне В тобының витамиңдерінін мөлшері мол. Бүйрек қызметі сақталған амилоидозбен және нефрозбен ауыратын аурулар ушін белогы(140г дейін ), липотропты факторлары , май кышқылдары мен витамиңдері көп 7 диетасы белгіленеді. Тамақтану режимі; күніне 4-5 рет тамақтанады.
Диета 8.
Белгіленудін колданылатын кезі; арнайы тамақтану режимін талап етпейтін тамақ қорыту органдарының , бауыр мен жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруы жоқ семіздік,
Белгілеудің мақсаты ; шектен тыс семіздікті болдырмау және оны жою үшін зат алмасуға әсер ету.
Жалпы сипаттамасы; тағамның калориясын негізінен көмір сутегі ішінара майдын есебінен шектеу; белок физиологиялық нормадан артык- Тәбет шақыратын азот экстракт белоктары мен дәмді тұздықтары салынбайды. Сұйықтықты енгізу біршама шектеледі (1000 мл).
Калориясы мен құрамы; 100-220 г белок, 60-70 г маЙ, 180-200 г көмір сутегі, 1800-1850 калорий, С витамині көбірек, басқа витаминдер физиологиялық норма негізінде. Тамактану режимі; аштық сезімін жою үшін калориясы аз тамақты жеткілікті мөлшерде жиі-жиі қабылдау.