15 Диета.
Белгілеудід қолданылатын кезі; тамақ қорыту мүшелерінің күйі қалыпты және арнайы емдік диета, сонымен қатар белгілеудің қажеті жоқ барлық сырқаттар ауырған жағдайда.
Белгілеудін мақсаты; емдеу мекемесі жағдайында сырқатты физиологиялық нормаларға сай тамақпен қамтамасыз ету.
Жалпы сипаттамасы; тағамның, белогы, майы, көмір сутегі мен калориясы дене еңбегімен шүгылданбайтын дені сау адамның тамақтану нормасына сәйкес, ал витаминдері көбірек. Тамақ сан алуан тағамдардан тұрады. Ет, қүс, балық кез келген аспаздық өңдеуде; шүжық сосиска, консервілер- шектелген мөлшерде; сүт тағамдары; сүт немесе айран күнделікті; майларды, сары май және табиғи өсімдіктер майын күнделікті салатқа, винегретке және басқа да тағамдарға кұйып беру; Қиын сіңірілетін майлы тағамдар; майлы ет, қой жөне шошқа еті, сиыр, қой жөне шошқаның тоңазытқан майы, тәтті үн тағамдары берілмейді. Татымдықтар шақтап пайдаланады. Аспаздык, өңдеуі витаминдерді сақтап отырып одеттегідей болады.
Калориясы мен қүрамы; 80-100 г белок, 80-100 г май, 400-500 г көмір сутегі, 50-100 г қант, 3000 калорий.
Тамақтану режимі; күніне 4-5 мәрте тамақтанады.
Стационарға келушілер алып келетін тамақтарды сақтау. Алкогольді, пісте, арбуз, балмұздақ, үй және фабрикада консервілердің түрлері, торт, пирожный, варенье рұқсат етілмейді.
2) Сүлікті қою
Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.
Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.
Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.
Достарыңызбен бөлісу: |