Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


Мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология



бет82/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

1.Мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология.
Мейірбике ісінің философиясы жалпы философияның бір бөлігі,ол мейірбике, пациент, қоғам,қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас және көзқарас жүйесі.Дәл осы жүйеде бастысы ішкі жан компоненті мейірбике пациентке сырқат деп қана емес жеке тұлға ретінде қарауы керек.
Мейірбике ісінің негізгі философиясы –өмірді, адам құқығы мен абыройын сыйлау.Біз өмір сыйының қасиеттілігіне сенеміз,сондықтан әр адамды физикалық,философиялық,әлеуметті,мәдени,интеллектуалды және рухани өсіп дамитын мүмкіншілігі бар жеке тұлға ретінде қарастырамыз.Мейірбике ісінің философиясы принциптерін іске асыру-қоғам мен медбикенің өзара әрекеттестігіне байланысты болып келеді.Әр адамның қалыпты түрде өсіп,дамуы үшін қанағаттандыратын қажетті негізгі өмірлік маңызды мұқтаждары болады және де оны өзінің атқаруы өте маңызды.
12-мамыр күні Флоренс Найтингейлдің туған күні, сондықтан осы күні Халықаралық Мейірбикелер күні болып саналады. Флоренс Найтингейл. 1820 ж.
Флоренция қаласында мәдениетті бай жанұяда тұған, балалық шағы Лондон қаласында өткен. Флоренс өте жақсы білім алды. Балалық шағынан бастап ол өзін адамдарға қызмет етуге, әсіресе мүгедек адамдарды күтуге, оларға қызмет етуге бағдарлаған. Ағылшын әскерінің Қырым соғысында қиын жағдайда екенін естіп, Флоренс бір аптаның ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды мейірбикелер тобын құрастырып, 1854 ж. қазан айында жаралыларға және сырқаттанған адамдарға көмек көрсетуге аттанады.
1869 ж. Лондонда Флоренс жер жүзінде бірінші қайырымды мейірбикелердің мектебін ашады.Мектеп бітірген мейірбикелер Флоренц Найтингейлдің антын беретін . Сөйтіп, Флоренс Найтингейл мейірбикелер даярлаудың негізін орнатады. Оның көмегімен көптеген медициналық мекемелер ашылады. Оның өмір бойы жаралыларды, науқастарды бағып-қағып күткені және мейірбике даярлаудағы сіңірген зор еңбектері үшін 1912 жылы Флоренс Найтингейл атағында медаль шығаруды ұйғарылды. Бұл медаль халықаралық Қызыл Крест Лигасының ең жоғары марапаты болып саналады.
Этика – мораль, адамгершілік пен оның таптық мәні туралы ғылым. Этика – кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың анықтайтын философияның бір саласы деуге болады.
Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл –күйін, қорқыныш-уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты – дәрігердің, мейірбикенің, науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет