билет Өнеркəсіптік су дайындау. Оларды тазалау әдістері


-билет 1) Судың кермектілігі. Кермектілікті жою әдістері



бет14/21
Дата27.11.2023
өлшемі0,88 Mb.
#130403
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
12-билет
1) Судың кермектілігі. Кермектілікті жою әдістері.
Судың кермектілігі- судың кальций және магний, темір катиондарының болуына байланысты қасиеттерінің жиынтығы. Еріген түрдегі Са және Mg тұздары көп суды кермекті су деп атайды. Су кермектілігі уақытша, тұрақты және жалпы болып үшке бөлінеді.
Уақытша және тұрақты кермектіліктің қосындысы- жалпы кермектік деп аталады (Жк).
Жк=m/Mэ*V
Кермектілікті жою: Су кермектігін жою немесе төмендету суды жұмсарту деп аталады.
Суды жұмсарту – су құрамындағы ерітінді түріндегі Са жəне Mg тұздарынан жарым-жартылай немесе толық тазарту. Суларды жұмсарту əдістері: физикалық, химиялық жəне физикалық-химиялық болып бөлінеді.
Физикалық əдіс – суды термиялық өңдеуге негізделген, яғни қайнату, дистилляциялау жəне қатыру.
Суды қайнатқанда бикарбонаттар ыдырап, карбонатқа ауысып тұнбаға түседі.
Ca(HCO3)2 CaCO3 + H2O + CO2
3) Гомогенді және гетерогенді реакциялардағы процестердің өтуіне әсер ететін факторлар.
Гомогендік процестерде реакцияға түсуші заттар концентрациясының әсері әсер етуші массалар заңына сәйкес жүреді, сосын ол реакциялардың молекулалық жэне реттік сандарына байланысты болады.
Бастапқы заттардың концентрациясы жоғары болып келетін реакциялардың реттік саны неғұрлым үлкен болса, тепе-теңдіктік жылдамдыққа дейін реакция жылдамдығы соғұрлым үлкен болады.
Температураның әсері: Реакцияның рет санының өсуіне қарай реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі бірден артады. Температураны жоғарылату Аррениус теңдеуіне сэйкес жылдамдық константасын көтеру арқылы іске асады.
Аррениус теңдеуі былай өрнектеледі:к = к0е^Е/RT
Қысымның әсері: Қысым тура реакцияның да, кері реакцияның да жылдамдықтарын жоғарылатады және бұл реакцияға түсуші молекулалардың санына пропорционал. Егер реакция көлемі жағынан (газдық реагенттер) өзгеріске түсетін болса, онда қысым реакция тепе теңдігінің жылжуына әкеледі, реакцияға қатысушы заттардың тығыздығының ұлғаюы олардың концентрациясы көтеріліп, реакция жылдамдығын жоғарылатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет