билет Өнеркəсіптік су дайындау. Оларды тазалау әдістері



бет11/21
Дата27.11.2023
өлшемі0,88 Mb.
#130403
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
1-билет (1) (копия)

Экономикалық: Өзіндік құн, өнім сапасы, меншікті капиталдық шығын және еңбек өнімділігі.
Эксплуатациялық: Беріктілік, жұмыс істеу қауіпсіздігі, автоматтандыру және механикаландыру.
1)Өзіндік құн (себестоимость продукции). Кәсіпорынның өнімді дайындауға және тұтынуға кететін шығынның ақшамен өрнектелуін толық өзіндік құн деп атайды. Ал кәсіпорынның тікелей өндіріспен байланысты шығынын өнімнің фабрикалық-зауыттық өзіндік құны деп аталады.
2)Еңбек өнімділігі (производительность труда) – жұмыскердің бірлік уақыт ішінде өндіретін өнімінің мөлшері немесе бірлік өнімді өндіруге жұмсалатын жұмысшы уақытының мөлшері.
3)Меншікті капиталдық шығын (удельные капитальные затраты) – қондырғының бірлік өнімділігіне есептелген шығын. Өндірістің басында аппаратқа, машинаға, түтікөткізгішке, және т.б. бірмезеттегі шығын, яғни капиталды шығындар жұмсалады. Меншікті капиталдық шығын жеке аппараттарда және тұтастай өндірісте үдерісті тиімді ұйымдастыруды сипаттайды. Бұл көрсеткіш табиғи шамада (т. металл/тәулігіне 1000 т өнім) немесе ақшамен өрнектеледі.
4)Өнім сапасы (качество продукта) – өнімнің тұтыну қасиетін және тауарлық бағалылығын анықтайды. Әрбір тауар үшін бұл – жеке көрсеткіш. Оған бөгде қосындының құрамы және мөлшері, физикалық, химиялық көрсеткіштері, сыртқы түрі және өлшемі, түсі, иісі және т.б. жатады. Ол нормативті құжаттармен (ГОСТ, техникалық шарт, сапа сертификаты) анықталады.
5)Беріктілік (надежность) – өндірісте немесе қондырғыда белгілі уақыт аралығында авариясыз жұмыс істеудің не болмаса авариялық жағдайда тоқтап қалу санының орташа уақытымен сипатталады. Бұл көрсеткіш қондырғының дұрыс және сапалы жұмыс істеуіне тәуелді.
6)Жұмыс істеу қауіпсіздігі (безопасность) – қоршаған ортаға, қызметкерлерге және қондырғыларға әкелетін зиянды әрекеттерден жұмыс режимінің бұзылу ықтималдығы.
7)Автоматтандыру жəне механикаландыру дəрежесі (степень автоматизации и механизации) - өндірісті пайдаланудағы қол жұмысы мен ауыр еңбек үлесін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет