Аэробты – микроорганизмдер
заттарды тотықтыру үшін оттегі пайдаланады.
Анаэробты – микроорганизмдер бос күйіндегі еріген оттегімен де, сондай – ақ нитратиондарыны электрондарының артық акцепторларымен баййланысқа түсе алады.
Механикалық тазалау əдіс Механикалық əдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды əртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп,бір жерге жинап,тұндыру арқылы тазалайды. Бұл əдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың оңай жолы жəне тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады. Жалпы механикалық əдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа əдістердің алдында қолданылады.
Механикалық əдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар. Ағын суларды тазалаудың механикалық əдісінде ластаушыларды айыру үшін гравитациялық жəне ортадантепкіш күштер қолданылады
Химиялық əдіс Қалдық суларға химиялық реагенттерден (басқа затпен қосылып
химиялық реакция жасайтын заттар) қосып еріген жəне ерімеген
заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы тазалайды.Бұл əдіспен тазалағанда ермеген қалдықтың 95, еріген қалдықтардың 25% бөліп алуға болады.
Химиялық əдісті əртүрлі зиянды заттары бар қалдық суларды
тазартуға қолданбайды.
Химиялық əдістер негізінен бейорганикалық қосылыстарды
тазарту үшін қолданылады. Регенттік əдіске қышқылдар мен
сілтілерді бейтараптау, иондарды еруі қиын қосылыстарға
айналдыру, бейорганикалық заттарды тұндыру жатады. Жиі
қолданылатын əдіске қышқыл суларды негіздермен, күйдіргіш
натримен, əкпен магнезитпен, сілті қалдықтарымен бейтараптау
жатады, бұның ішінде ең көп қолданылатыны-калций
гидрооксиді (сөндірілген əк)
Физико-химиялық əдіс Физико-химиялық əдістер ағынды суды майды дисперсті, каллоидтық жəне еріген заттардан тазарту үшін қолданылады.
Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде пайдаланылатын физикалық-химиялық əдістерге - каогуляция, флотация, электролиттік ірілендіру, су буымен айдау, сорбция, экстракция, гиперфильтрация, эвапорация, десорбция, дезодорация, дегазация, электрохимиялық тəсілдер (электролиз, электро-каогуляция, электрофлотация, электродиализ), ультрадыбыспен суды өндеу, т. б. жатады. Бұл əдістер қатарымен жүретін физикалық жəне химиялық процестерге негізделген.