12-билет
1.Бугер-Бер-Ламберт заңы
Жарық толқынының энергиясы заттың ішкі энергиясының басқа түріне айналып кеткенде жарықтың жұтылуы құбылысы байқалады. Жарықтың жұтылуы деп қандай да бір заттан жарық өткенде қарқындылығының әлсіреуін айтамыз:
I= I0 e -k λ l .
Бұл Бугердің жарықтың жұтылуын сипаттайтын формуласы. kλ – жұтылу көрсеткіші, ол ортадағы е- еселенген жұтылудан жарықтың қарқындылығы әлсірейтін ара қашықтығына кері шама болып табылады.
Бугер – Ламберт – Бер заңы: I1= l0 e CL
Берілген денеден өтетін сәуле шығару ағынының осы денеге түсетін сәуле шығару ағынына қатынасын өткізгіштік коэффициенті деп атайды. Осы қарқындылықтың қатынасын мына түрге келтіреміз:
IL/ I0 .
Өткізгіштік коэффициентіне кері ондық лоарифмдік шаманы ерітіндінің оптикалық тығыздығы дейді:
D= Lg(l/ ) =Lg(Io/Il)= Cl.
Бугер – Ламберт – Бер заңының негізінде боялған ерітіндіде заттың концентрациясын анықтау фотометрлік әдістері (концентрациялық колориметрия) жасалған. Бұл әдістерде ерітіндіден өтетін жарық ағындары өлшенеді. k f1 () және f2 () байланыстары заттың өткізгіштік спектрлері болып табылады. Егер С1мен С2 концентрациялары, l1 және l2 қалыңдықтары заттың екі ерітінділердегі жарықтың жұтылуы бірдей, онда оптикалық тығыздықтары тең болады.
D1 D2 , 1 cl l1 l c2 l2 , мұндағы c1 : c2 l 2:l1 . Бұл қатынас жарықтың жұтылу заңы негізінде ерітінділердің концентрацияларын өлшеу мүмкіндігін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |