УДК 373
ББК 7426
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
Сараптау кеңесінің шешімімен ұсынылған (хаттама №4, 10.10.2018 ж)
© «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, 2018 ж
ISBN 978-601-7914-54-7
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
4
І. Сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен ширатулар
6
ІІ.Рефлексия-нәтижелі білім алудың бастауы
21
ІІІ.Кері байланыс-оқу мен оқытуды алға бастырудың қарапайым
құралы
24
Кері байланыс іс-тәжірибеде (Әдістер)
28
IY.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қысқа
мерзімді жоспардың жасалу жолдары
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді
жоспардың үлгілері
34
Y.Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының
мазмұны мен міндеттері
60
Ата-аналар жиналысының үлгілері
63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
67
4
КІРІСПЕ
Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру
жөніндегі «Ұлт жоспары-100 нақты қадам»-баршамызға ортақ
жауапкершілік
жүктеп,
Қазақстанның
білім
беру
саласын
жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді.
Білім мазмұнын жаңарту–білім беру бағдарламасының құрылымы
мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта
қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда
функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін
тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы
білім беру ортасын тудыру-жаңартылған білім мазмұнын енгізудің
нәтижесі болуы керек
.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға»,
яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен
ғана шектеле қоймай, өмірдің өзгерістеріне дайын болатын, белсенді
және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған
жеке тұлғаны дайындау тиіс. Білім мазмұнын жаңарту тікелей
шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.
«Мұғалім көп әдісті қолдана отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе
есебінде пайдаланған дұрыс»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі
заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы
керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. [2]
Қазіргі
таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық
қамту, оны оқушыға жеткізу, оқытудың дәстүрлі және ғылыми
жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеру, оқушылардың
пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы
іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш
сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең
де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің
өзекті мәселесі болып отыр.
Сабақ–мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз
мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне,
шеберлігіне байланысты. Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерден
білім беру саласы шет қала алмайды. Сондықтан қазіргі уақытта
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қарастырылып, енгізілуде.
Қазіргі заман талабына сай сабаққа қойылатын мақсат-
міндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты
дамытуға бағытталған. Репродуктивті білім беру кезінде оқушы тек
5
тыңдаушы, орындаушы ретінде көрінген. Қазіргі таңда оқушыны
қалыптастыруға мынадай мақсаттар қойылып отыр:
Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Жұпта, топта жұмыс жасай білуге үйрету;
Бір-бірінің білімін бағалауға;
Жетістіктерін қолдана білуге тәрбиелеу;
Тез әрі нақты ойлап,дұрыс шешім қабылдай алу және
тапқырлық, тиянақтылық дағдыларын дамыту:
Талабын ұштап, қиялын дамыту.
Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие
беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге
байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен
шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі заманда
білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап
межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді
қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты
оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның
құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар
үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ
олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға
үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Оқушының қажеттілігін
қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді,
өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық
инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Білім беру үрдісінде мұғалімнің оқушыны дұрыс бағалауға көңіл
бөлгені дұрыс. Баға–оқушының білімін көрсететін нәтиже. Мұғалім жаңа
форматта құрылған сабақ тақырыбына байланысты критерийлер
бойынша немесе бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады.
Қазіргі заман ағымына сай болашақ ұрпаққа саналы тәрбие, терең
білім беру еліміздің басты мәселесі болып табылады. Яғни, сабағының
жемісті болуы үшін үнемі ізденіс үстінде болып, жаңа бағдарламаны
меңгере отырып қолдану әр ұстаздың парызы деп есептеймін.
Осы әдістемелік құралдың ішінен мұғалімдер рефлексия мен кері
байланыстың айырмашылығын, кері байланыс жасау кезінде және сабақ
барысында қолданатын әдіс-тәсілдерді, қысқа мерзім жоспар үлгілерін,
ата-анамен жұмыс түрлерін өз тәжірибелеріне пайдалана алады және
түрлендіріп, өзгертулеріне болады.
|