Білім алушы: мерзімі: Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «Қазақ тілі»



бет2/3
Дата03.04.2023
өлшемі18,87 Kb.
#78798
1   2   3
Өзен және олардың маңызы
Өзендер – табиғи су ағыны салынған арнамен үнемі ағып отырады және жер беті, жер асты суларымен қоректенеді.
Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі. Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы, ал жауын-шашын мол жауатын орманды дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай. Өзен суы егістікті суаруға, шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар, арзан энергия көзі де болып табылады.
Су – құрлықтағы сұйық, қатты және газ күйінде болатын, бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын минерал. Республика аумағында ішкі сулар өзен, көл, жер асты суы, мұздық су болып төртке түрге бөлінеді.
Қазақстан өзендері: Қазақстан Республикасындағы ең ірі өзендердің жалпы саны 85022, оның ішінде 84694 шағын өзендер (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін), 23 ірі өзендер (500 мың км-ден жоғары). Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Сырдария өзені, Шу өзені, Іле өзені, Ертіс өзені, Жайық өзені, Есіл өзені, Тобыл өзені. (189 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/2779

Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз.
[10
А мәтіні.
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Оның ақылы, тапқырлығы өзінің заманындағы көп хандардан артық екен. Ханның қырық уәзірі бар екен. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:

  • Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын және шөптің жаманын тауып әкеліңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір ай ішінде тауып әкелмесеңдер, жазалы боласыңдар, - депті.

Хан бұйырған соң амал жоқ, уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі.
Көп іздеп, аз шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі – тікен, арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», - деп шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», - деп қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде үстінде жыртық тоны, басында тымағы бар, ұсқынсыз бір адам бес-он қойды бағып жүр екен. Уәзірлер таңырқап: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», - деп тұрғанда, әлгі адам:
- Уа, мырзалар, неге таңырқайсыңдар? – депті.
Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, енді адамның жаманын таба алмай, ол адамның ұсқынын көріп таңданып, «Адам жаманы осы болар», - деп таңырқап тұрғандарын айтыпты. (194 сөз)
http://muslima.kz/
Ә мәтіні.

Даланың күнге күйіп апаты өткен,
Үстінен бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар «Я, құдайлап»...
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.

Жауар деп тұрды халық үміт етіп,


Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.

Теңізге барынша құя салып,


Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсын,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.

Егерде сол қадарлы жаусаң жерге,


Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге.

Не қайыр сенің қазір жауғаныңнан,


Сенсіз де су жетерлік теңіздерде.
Жиылып, кеңес тыңдап отырғандар!
Мұнда да ғибрат бер алсаңыздар.

Бұлттай жерге жаумай, суға жауған,


Қазақта іс етеді көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орнына мал – өнерін,
Біреулер жүреді, оған не амал бар?
(124 сөз)

6-сынып. Алматы «Рауан» 1996, Қазақ әдебиеті.
А) Төмендегі көрсетілген сызба арқылы ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін мәтіндерден табыңыз. [4]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет