Білім алушыларға арналған пән силлабусы пән туралы ақпарат Пәннің атауы «Стилистика және оны оқыту»



бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі50,79 Kb.
#136524
1   2   3   4
Пәннің қысқаша мазмұны.
«Стилистика» пәнінің мақсаты – тілдің стилистикалық жүйесін, тілді қарым-қатынас жағдайы мен мақсатына, ортасына және тілдің нормалары талабына сай қолданудың өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктерін, ауызша және жазбаша сөйлеу, сөз қолдану мәдениетін таныту. «Стилистика» пәнінің мазмұны тілдік қатысымның әр түрлі саласында қызмет еткенде тілдік құралдар қалай өзгереді, қандай мағыналық, эмоциональдық реңк үстейді, адамға қалай әсер етеді, соларды бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады.
Пәннің негізгі міндеті «6В01701 - Тіл мен әдебиеті мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті)» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
Пәнді оқу барысында мынадай құзыреттіліктерге ие болады:
-тілдің дамуы мен қазіргі жай-күйі туралы түсінік қалыптастыру;
-тілдегі норма, әдеби тіл және әдеби норма және оның түрлері туралы мәліметтерді оқу; дұрыс сөйлеудің негіздері туралы теориялық білім беру;
- тіл деңгейлеріндегі тілдік тұлға-бірліктердің стилистикалық қызметін айқындау;
- стилистикалық талдаудың өзіндік ерекшеліктерін талдау(ЖҚ-3);
- тілдің көріктеу құралдары мен стилистикалық амал-тәсілдері туралы білімдерді жинақтау(ЖҚ-3);
-тілдегі норма, әдеби тіл және әдеби норма және оның түрлері туралы түсінік беру;
-қатысымдық сапалардың тілге қатысы және олардың тілдің әсерлілігі мен эстетикасына тигізетін әсері туралы теориялық білім беру(ЖҚ-3);
-студенттердің тіл мәдениетін көтеруге қажетті практикалық біліктіліктерді қалыптастыру.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
• Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет