Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет115/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   146
121. Диастазаға зәрді жинау


Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Көрсеткіштері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ шыны банка, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімнің қолы).


Іс әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.

  2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл даярланған банкіге жинаңыз.

  3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға апарыңыз.



Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
122. Қантты анықтауға зәрді жинау


Мақсаты: диагностикалық: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Көрсеткіштері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза құрғақ шыны банкілер, мөлшерленген ыдыс, шыны таяқша, жолдаманы жазып банкіге желімдеп, жапыстырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғап, ҚЖКЖК.


Іс- әрекет алгоритмі:



  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

  2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

  3. 3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

  4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз..

  6. 3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.

  7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

  8. 100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.

  9. Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.

  10. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз . Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:

  • Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

  • Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

  • Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет