Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.
Көрсеткіштері: клиникалық өлім.
Іс-әрекет алгоритмі: Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.
Онын қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.
Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.
Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінін төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярді қойыңыз.
Өзіңіздің иығынызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.
Төстін төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына сауқсақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады.
Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.
Төс сүйегінін төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.
Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиелігі минутына 60-80 соққы құрастырады.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егерде реанимацияны 1 немесе 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 30 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны сол жағынан жүргізеді.
А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқасқа қамтамасыз ету
Бұл алғашқы реанимациялық шаралар, көбінесі барлық жүрек-өкпе реанимациясын жетістік қамтамасыз етеді.
Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп – науқастың ес-түссіз жағдайына жұтқыншақтын артқы қабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жағдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жұтқыншақтын артқы қабырғасынын тілдін түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жұтқыншақтын артқы қабырғасына түседі және дем алған уақытында қақпаша сияқты, дем алғанда ауаны өткізбеуі мүмкін.