Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу



бет46/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   146
Дем алу қозғалысының жиілігін есептеу



Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.
Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.
Құрал-жабдықтар: секунді тілі бар сағат, қызу парағы, көк стержен, қалампсап.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.

  4. Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, қәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға.

  5. Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

  6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

  7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.

  8. Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз.

  9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.



Ескерту:

  • Тыныс алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;

  • 1 минуттағы тыныс алу қозғалысының саны – тыныс алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ТАЖ);

  • дені сау ересек адамның қалыптағы тыныс алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;

  • тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында;




  • дене температурасы 10С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді;

  • Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.

  • Тахипноэ – 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет