Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату. Көрсеткіштері



бет55/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   146
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Көрсеткіштері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсеткіштері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.
Асқынулар: дене бөлігінің үсуі.
Құрал-жабдықтар: мұзды мұйық, мұз кесектері, сүлгі (жаялық), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ветош, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

  2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

  3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

  4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз.

  6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

  7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

  8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

  9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

  10. Зарарсыздандыратын ерітіндісіне ветошті малғып мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

  11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.

  1. Қыша қағаздарын қою



Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.
Көрсеткіштері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет