Мақсаты: емдік: қуыктағы несепті дер кезінде шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Көрсеткіштері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ертінділерді енгізу, несіптік және жыныс жүйелеріне
операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсеткіштері: уретраның (үрпінің) жарылуы, жедел уретрит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретралды қызба, уретраның, қуықтын шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережесін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған катетер, 2 дана анатомиялық пинцеттер, корнцанг, лоток, салфеткалар, 2 дана қолғап, вазелин майы, 1:5000 фурацилин ерітіндісі,тері антисептигі, 1% спирттелген йод ертіндісі, несеп жинайтын ыдыс, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс,судно, алжапқыш, клеенка, жаялық, керме, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтар, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Наукаспен өз-ара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
Науқаска емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты кермемен оңашалаңыз.
Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратуына көмектесемыз.
Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғап пен алжапқышты киіңіз.
Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.
Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.
Ораудын саңылаусыздығын оның жасалған күнін тексеріңіз.Ораудан ашып катетерді пинцет арқылы алыңыз.
Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 5-7 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.
Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.
Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.
Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.
Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Зәр бөлінуі аяқталғаннан соң катетерді шығарыңыз, сол қолыңызбен қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін басыңыз. Катетерден шығарғаннан сон зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Алжаапқышты дезерітіндімен 2 рет 15 мин арлығымен сүртіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.