Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау



бет10/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау




Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%)

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

10 л-ге

1 л-ге

Негізгі 5% ерітінді (л)

Судың мөлшері (л)

Негізгі 5% ерітінді (мл)

Судың мөлшері (мл)

0,25

0,5

9,5

50

950

0,5

1

9,0

100

900

1

2

8,0

200

800

1,5

3

7,0

300

700


  1. Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

(ҚР ДСМ №127 2015 жылғы 24 ақпандағы бұйрығы.)


Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.
Зарарсыздандыру- инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені.
Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар ғана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан қүюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.
Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазарту өткізіледі.


Залалсыздандыру – қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою.

Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдарды пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.


Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:
1 кезең – зарарсыздандыру,
2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,
3 кезең – залалсыздандыру.



  1. I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет