Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет105/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146
Құрал- жабдықтар:

  • таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл ашық шыныдан жасалған контейнер;

  • контейнердінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні)

  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы 370С қайнатылған су.



Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

  3. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды;

  • бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

  1. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнерге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

  2. Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.

114. Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау


Мақсаты: диагностикалық: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.
Көрсеткіштері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Құрал- жабдықтар: бет перде, клеенкалы алжапқыш,қолғап, көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргіш немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлер, таза
құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банка қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05), ҚЖКЖК.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет