Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.
Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.
Бет перде, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.
Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.
Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.
Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.
Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.
Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.
Таңертеңгі жиналған қақырықты зертханаға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.
Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.
Ескерту:
емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;