Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау



бет112/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146
118. Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау


Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.
Көрсеткіштері: науқасты жалпы зерттеу
Құрал-жабдықтар: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банка, зәр қабылдағыш немесе судно, қолғап,науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтар, жолдаманы жазып банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), ҚЖКЖК.


Іс- әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.

  6. Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).

  7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  8. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

  9. Қақпақпен банкіні жабыңыз.

  10. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.

  11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

  12. Қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ғасалыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:

  • әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

  • зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет