Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет17/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   146
Науқастың дене салмағын өлшеу



Дене салмағын өлшеу дұрыс орнатылған, жақсы реттелген медициналық таразыда өлшейді. Аш қарынға іш киіммен, дәрет сындырғаннан кейін өлшену ұсынылады. Ауыр науқастарды алдын ала орындық салмағын анықтаған соң, отырғызып өлшейді. Таразыға аурудың асықпай көтерілгені абзал.


Мақсаты: диагностикалық.
Көрсеткіштері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау,
науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді
бақылау.
Қарсы көрсеткіштері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.
Құрал-жабдықтар: еденге орнатылатын таразы, сырқатнама, қолғап, тазартуға
арналған30х30 см ветош, зарарсыздандырылған клеенка, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар
ыдыс, клеенка, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.

  2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Таразының тілдері ноль қалпында болуы керек.

  5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

  6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

  7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

  8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

  9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

  10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

  11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

  12. Қолғапты шешіп, ҚЖКЖ – ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет