Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет40/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   146
Мұрын қуысын күту



Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Көрсеткіштері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: мақта турундалар, мензурка, пинцет, вазелин немесе өсімдік майы, лоток, қолғап, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз.

  4. Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.

  5. Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.

  6. Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

  7. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалдап, мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз.

  8. Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (қатып қалған қабыршықтар болған кезде).

  9. Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.

  10. Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

  11. Қолғапты шешіңіз.

  12. Қолданылған турундаларды, қолғапты ҚЖКЖК - ға салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет