Қарсы көрсеткіштері : егу жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, егу жердегі тері аурулары.
Асқынулар: инфильтрат.
Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: 70% спирт, сыйымдылығы 1 мл шприц, ұзындығы 15 мм ине, қолғап, мақта тұйершыктер, бет перде, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітінді, егеуіш, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолынызды өңдеп, қолғапты киіңіз.
Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз(стандартты қараңыз).
Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз (стандартты қараңыз), инеден қақпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Қолымызды тері антисептигімен өндеймыз
Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.
Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді (10*10), сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (5*5) (ҚЖКЖК-ға мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.
Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, I, ІІІ, IV, V, саусақтармен – цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз.
Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз.
Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.
ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай папула пайда болады).
Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).
Шприцті ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Қолғапты шешіп, ҚЖКЖК-ға салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.