Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау



бет89/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   146
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау



Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Көрсеткіштері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсеткіштері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұзындығы 7-10 см пункциялық ине, 10, 20 мл шприцтер, пинцет, дәке тампондары, асептикалық таңғыш, салфеткалар, қолғап, 5 спирттелген йод ерітіндісі, 70 спирт ерітіндісі, 0,5 новокаин ерітіндісі, шыны түтіктер, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.

  2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз.

  5. Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5 спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

  6. Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

  7. Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.

  8. Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.

  9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

  10. Инені алған соң, тесілген жерге 5 спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

  11. Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын ҚЖКЖК-ға салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  12. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет