Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге



бет86/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   146
Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) даярлау



Мақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты зертханалық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу.
Көрсеткішері: іш шемені іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі.
Қарсы көрсеткіштері: қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: мақта шариктері, қолғап, троакард, 5,10,20 мл шприцтер, салфеткалар, қақпағы бар банкі, 0,5 новокаин ерітіндісі, 5 йод ерітіндісі, 70 спирт, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдыс, шылапшын, пробиркалар, енді ақ жайма немесе сүлгі, лейкопластырь, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтық, ішінде зарарсыздандырылған ерітіндісі бар ыдыс, зерттеуге жіберетін жолдама, таңғыш материалдар, пинцет, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.

  3. Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз.

  4. Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын клеенкамен жабыңыз.

  5. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  6. Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5 спирттелген йод ерітіндісін, сосын 700С спирт ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

  7. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5 новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.

  8. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троактарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды.

  9. Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.

  10. Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты зертханалық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық).

  11. Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең орамалды өткізіп, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.

  12. Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.

  13. Емшара біткеннен кейін канюланы шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5 йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз.

  14. Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  15. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

  16. Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.

  17. Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.

  18. Алынған биологиялық материалды зертханалық зерттеуге жіберіңіз.



Ескерту:

  • манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

  • сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет