Апоптоз «команда» бойынша 1. Бұндай апоптоз онтогенезбен байланысты:
1- жәндіктердің метаморфоз кезіндегі қуыршақ клеткасының жойылуы;
2- эмбриогенездегі хорданың (омыртқа) басталуы;
3- уылдырық шашқаннан кейінгі горбуша балығы мүшелерінің жылдам инволюциясы, өліммен аяқталады.
2. Иммунды жүйелердің пайда болуы және жұмыс істеуі.
3. Барлық қатардағы лимфоидты қан түзуші клеткалардың дамуы. Мұндай клетканың дамуы үшін кейбір цитокиндер қажет болады.
4. Әйелдердің репродуктивті жүйесінде:
- клеткалардың жойылуы (ооциттер, фолликулярлық клеткалар);
- сары дененің жойылуы;
- лактация тоқтағаннан кейінгі сүт безі лактоциттердің жойылуы.
Апоптоздың және некроздың морфологиясы.
Апоптоздың даму кезеңдері. 1. Хроматин конденсациясы және клеткалардың сығылысуы (цитоплазма конденсациясы салдарынан). Хроматин ядроның шетінде тығыз гомогенді масса түрінде орналасады.
Цитоплазма көлемі азаяды, клетка өз түрін өзгертеді.
2. Ядро мен цитоплазма фрагментациясы (үзіктері), апоптозды денешіктің пайда болуы, ядро ядро қабықшасымен қоршалған және тығыз хроматин массадын тұратын фрагменттерге ыдырайды.
Клеткада терең өсінділер болады, қалақтар пайда болады, олар біртіндеп үзіледі және оларды апоптозды денелер деп атайды. Оларда ядролы фрагменттер немесе цитоплазма бөліктері болуы мүмкін.
Апоптоздық денешіктерді қоршайтын клеткалар фагоцитозы.
Апоптоздық денешіктерді фагоцитоздауға фагоциттер ғана емес, және де қоршайтын барлық клеткалар да қабылетті. Клеткалар апоптозды денені плазмолеммалар үстінің өзгеруі бойынша тани алады.
Сонымен жасушаның физиологиялық жағдайда өлуінің де, патологияға байланысты өлуінің де механизмдері бір деуге болады.
Өлген тіндер, ағзалар әдетте ақшыл-сары (жүрек, көкбауыр, бүйректер) немесе қоңыр-қара (тері, ішек) түрге кіреді.
Некроздың себептері өте көп және сан алуан. Олардың бәрін экзогендік және эндогендік себептер деп екіге бөлуге болады. Экзогендік себептерге: физикалық әсерлерді: жарақаттар, өте жоғары немесе өте төмен температура, радиация, электр тогы; химиялық заттарды: күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерлерін; биологиялық әсерлерді: микробтар, вирустар, саңырауқұлақтар және олардың улары; нерв жүйесіндегі өзгерістерді: қан айналуының бұзылуына кіретін тромбоз, эмболия, спазмды кіргізуге болады. Эндогендік факторлардың әсер ету нәтижесінде пайда болған некроздарға: иммундық реактивтіліктің өзгеруіне, антиген және антидене реакцияларының нәтижесінде, иммундық кешендер әсерінде пайда болатын некроздарды жатқызуға болады.
Бұл айтылған себептердің кейбіреулері өзінің тікелей әсері нәтижесінде, ал басқалары қан тамырларындағы немесе нерв жүйесіндегі өзгерістер арқылы некрозға себеп болады. Осыған байланысты некроздың екі түрін: тура және жанама некрозды ажыратады.
Айтылған физикалық, химиялық, биологиялық факторлар тура некроздың себебі болса, жанама некрозға қан тамырлары тығындалып қалғанда немесе спазм нәтижесінде дамитын некроздар және нерв жүйесінің зақымдануына байланысты туындайтын трофоневроздық некроздар кіреді.
Некроздану үрдісі жасуша лизосомасының құрамындағы гидролиздеуші ферменттер әсерінде немесе некроз ошағына жиналған лейкоциттер ферменттерінің әсерінде жүреді.
Даму механизмдеріне қарап некроздың:
Жарақаттық
Токсиндік
Нейрогендік
Аллергиялық
Қантамырлық түрлерін ажыратамыз.
Жарақаттық некроз оны тудырушы себептердің тіндерге тікелей әсерінен дамиды.
Токсиндік некроз тіндерге әр түрлі улы заттар әсерінде дамиды.
Оларға бактнриялардың улары, химиялық заттардың тікелей әсері кіреді.
Нейрогендік некроз орталық немесе шеткі нервтер зақымданғанда дамиды.
Аллергиялық некроз организмнің әр түрлі әсерлерге сезімталдығы артып кеткенде байқалады.
Қан тамырлық некроз ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда кездеседі. Оған қан тамырларының эмболиясы нәтижесінде дамитын жүрек инфаркты, ішек гангренасы мысал бола алады.
Морфологиялық өзгешеліктеріне қарай некроздың екі түрін ажыратамыз:
Коагуляциялық
Коагуляциялық (құрғақ) некроз белокқа бай, бірақ құрамында су көп болмайтын ағзаларды: жүректе, көлденең жолақты бұлшықетте, бауырда, бүйректерде, көкбауырда дамиды.Некроз болған аймақта белоктар ұйып қалып, тін сусызданып, тығыздалып қалады. Коагуляцияланған тін гидролиздеуші ферменттер әсеріне төзімді болады, оның бір себебі нероз болған жерге кальцидің жиналып қалуы, осыған байланысты дамыған жасушаішілік ацидоз денатурация үрдісін күшейтетіні белгілі.
Колликвациялық (ылғалды) некроз құрамында су мол ағзаларда, мысалы, мида кездеседі. Зақымданған тін өзіне суда сіңіріп жұмсайды, сұйылады, ботқаға ұқсаған затқа айналады. Кейінірек ол жерде киста пайда болады.