Білім алушының өзіндік жұмысы Мамандығы: Стоматология Курс: 2 Тақырыбы: Эндокринді жүйе Орындау түрі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата22.09.2023
өлшемі458,4 Kb.
#109767
1   2   3   4
Гормондар
Гормондар
— ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және
дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон
белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен
тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына
қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары
болып
келеді.
ді.


Гормондардың қасиеті:
1. Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
2. Арнайы әсер;
3. Био-физиологиялық белсенділік;
4. Әр түрге арнайшылық;
5. Тек тірі жасушаларға әсер ету.
6.
Эндокринді бездер
(эндокринные железы); (glandula
endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу)
—инкреттен (гормондар) оргонизмнің сұйық ішкі ортасына
(қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек
секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері
болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді
бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі
эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді
бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі
эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті


бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет
атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері,
ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады.
Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі
ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін,
олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады. 
Гипоталамус
— аралық мида орналасқан ішкі секреция
бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда
айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің
«композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста
жұмыс істеп,
Гипоталамус-гипофиздік жүйені
құрайды.
Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы
барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар
нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді
жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін
статин
(гипофиздың гормон түзуін тежейді) және
либерин
(гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады)
гормондарын бөледі.
окситоцин
 
және
возопрессин
гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады.
Гипофиз
— аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең
негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі
секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз -
сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының
барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды).
Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы
Қалқанша без
— мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның
салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады.
Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды.
Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің
тироксин (тетрайодтиронин, Т
4
) деп аталады. Сонымен қатар
кальцитонин және трииодтиронин(Т
3
). Тироксин дененің өсу
және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке
жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға,
адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой
еңбектерінің дамуына әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет