Білім алушының өзіндік жұмысы



бет4/6
Дата04.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#47361
1   2   3   4   5   6

Құрылысы.

  • Қалқанды без дәнекер тоқыма кансуласымен қоршалған, капсула тармақтары безді көптеген бөліктерге тілімдейді, олар қалқанды бездің құрылымдық функционалдық бірлігі – фолликулалар (аденомерлері) болып есептеледі, созылыңқы шар тәріздес көпіршікті құрылым. Бездің функционалдық активтілігі күшейген кезде көптеген тармақты қатпарлар құрайды, фолликула жұлдызды пішінге өзгереді, фолликула кеңістігінде коллоидты – секреторларды эпителиалды хұжайралар жинақталады, олар фолликула қабырғасын қаптайды. Функционалдық қызметті орындауда өндірілетін коллоидтар –тироглобулиннан құралған кілегейлі – қоймалжың сұйықтық зат. Фолликулаларды, құрамында: қан тамыры мен лимфакапиллялары бар дәнекер тоқымалар талшықтары бөліктерге тілімдейді, қан тамыры мен лимфа капиллялары және нерв талшықтары фолликуланы орайды. Бұл қабаттарда тироиды эпителиалды хұжайралар шоғыры жинақталған болады, сондай-ақ фолликулалар аралық дәнекер тоқымалы қабаттарда: лимфоциттер, плазматикалық хұжайралар және тоқымалы базофилдері болады.

Қалқанша маңы бездері

  • — қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді.

Айырша без

  • Айырша без - тимус көптеген бөлікшелерден тұратын қос без. Төстің ішкі бетінде, жүрек ұясының (ортаңғы қабырғаның) үстіңгі жағында орналасқан. Астыңғы жағы жүрек қабы - перикардпен, артқы жағы ірі-ірі қан тамырлармен шектескен. Айырша безін көзбен көріп, қолмен ұстау қиын, сондықтан ол ойдағыдай зерттелмеген. Без екі - қабық және ми қабаттардан тұрады. Онда екі түрлі жасуша бар - лимфоид жасуша (ұсақ микроциттер) негізінен қабық қабатта, торлы жасуша астыңғы қабатта орналасқан. Олар бірігіп селдір торға айналады, торда лимфоциттер орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет