Мен бұл өзіндік жұмысымда эндокриндік бездер туралы жазып отырмын. Организм функциялары нерв және эндокринді жүйе арқылы реттеліп тұрады. Эндокринді жүйе бұл реттеуші жүйенің эфференттік звеносы болып табылады және ішкі ортаны қалыпты жағдайда сақтайды. Бұл қызмет эндокринді жүйенің қанға бөлініп шығатын гормондары арқылы атқарылады. Бұл органдардың белсенділігінің өзгеруі олардың құрылысы өзгеруімен жүреді, сонымен қатар керісінше олардың құрылысының бұзылуы өндіретін гормондарының мөлшерін өзгертеді. Осы тақырыптан алынған білім студенттер үшін гормоналды реттеу бұзылуларын түсінуге қажет.
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді
Эндокринді гормондар табиғаты негізінен құрамындағы қосылыстарға байланысты:
а) аминқышқылды (олигопептид, пептид, белок, т.б.)