3-сурет. Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар
Топты ұйымдастырудың ережелері Топтар түрлі тәсілдермен құрылуы мүмкін. Кей кездері мұғалімдер (және оқушылар) әріптестерінен (немесе достарынан) бірге жұмыс істеуін өтінеді, басқа жағдайларда кездейсоқ іріктеп алынған топтар құрастырылады. Ал кейде топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.
Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт талап етіледі. Табысты топтар осы айырмашылықтардың артықшылығын пайдалануды, оларды бастапқы кезеңде анықтауға және тиісінше топтың қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді (1-кесте).
Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топқа мұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.
Топта жұмыс істеу ережелері Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.
1-кесте: Топ құру кезеңдері Топ мүшелерінің саны қандай болуы керек? Топтағы оқушылардың саны оқушылардың, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімнің арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты барынша қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы теңгерімді айқындаудың маңызы бар. Мысалы, көп шағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Үлкен топтар оқушылардың көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Мұғалімге нақты тапсырманы ұтымды орындау үшін топтың қандай көлемі қажет екендігін анықтап алу қажет (4-сурет).