Сапа мәдениеті Жоғары білім беру ұйымдарындағы сапа ұғымын қабылда-
удың мәдени тұрғыда өзгеруі, сапаны жалпылама түрде дамыту-
дың түпкі мақсаты болуы мүмкін. «Сапаны қамтамасыз ету және
сапаны арттыру... студенттер мен оқытушылардан бастап жоғары
оқу орнының басшылығы мен менеджментіне дейін барлығын жұ-
мылдыра отырып, сапа мәдениетін дамытуға демеу болады» (ESG,
2015). Сапа мәдениетін сипаттайтын айрықша екі ерекшелік бар:
НУ-да білім беру сапасына бағдарламаға жыл сайын бақылау жасау,
бағдарламаны аккредиттеу және институционалдық бағалау секілді бірнеше
СҚА үрдісі арқылы мұқият тексеру жүргізіледі. Бағдарламаны әзірлеу бары-
сында оны жүзеге асыратын оқытушылар құрамының сапасы мен біліктілі-
гіне, қажетті оқыту және АТ-инфрақұрылымының болуына, студенттерге
қолдау білдіру қызметтеріне және, ең маңыздысы, оқытудың инновациялық
әдістерін енгізуге ерекше көңіл бөлінеді.
2019 жылы іске қосылған электрондық оқыту студиясы оқытуда зама-
науи технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді және оқытушыларға
сабаққа қажетті түрлі мультимедиялық материалдарды жасап алуды жеңіл-
детеді. Тек АКТ-ға негізделген оқытуды ғана емес, сонымен қатар оқытудың
басқа да инновациялық тәсілдерін пайдалану үшін тиісінше институционал-
дық қолдау, ресурстар мен тренингтер ұсынылады. Мектептер университет-
тердің академиялық қауымдастығына өздерінің ең көрнекті оқытушыларының
оқытушылық қызметіндегі жетістіктерін көпшілікке танытуға, марапаттауға
ұсынады. Бұл марапат университетте білім берудің озық тәжірибесін дамы-
туға көмектеседі.
Стратегиялық серіктестер және AdvanceHE (Ұлыбритания) оқытушы-
ларға мамандандырылған семинарлар мен сессияларға қатысу арқылы кәсіби
түрде даму мүмкіндіктерін ұсынады.
• Жақсы тәжірибеге негізделген ұсыныс Университеттер әртүрлі дереккөздері мен кері байланыстарға тұрақты