Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру мектебі
201
сапаны жақсарту құндылықтарына деген адалдығымен бөлісе оты-
рып, көшбасшылықты және қызығушылық тудырған тараптардың
ақпараттандырылған шешімдер қабылдауға қатысуын қолдайтын
университеттің неғұрлым жетілдірілген сапа мәдениетін құруға әл-
деқайда көбірек мүмкіндігі бар.
Бұл аталған сипаттамалар толық қамтылған сипаттама болып
табылмайды, дегенмен қазіргі сапа үрдістеріне шолу жасап, талқы-
лауда бастапқы дерек бола алады.
НУ сапа мәдениетін қалыптастырудың алғашқы қадамдарын жасады.
Университет сапа құндылықтарын ұстанады және бұл университеттің страте-
гиясында бекітілген (2018-2030):
НУ-дың бес стратегиялық мақсатының бірі саналатын 2 Стратегиялық
мақсат – академиялық артықшылық болып табылады. «НУ-дың оқытушыла-
ры мен зерттеушілері университет қызметінің аталған негізгі салаларында
әлемдік жоғары стандарттарға қол жеткізе алатын қабілетін көрсетуді жалға-
стыруы тиіс». Яғни түлектер мен зерттеулердің сапасы мен жетістіктерінің
тұрақты түрде артып отыруы
халықаралық дәрежеде танылып, беделге
ие болуда өте маңызды рөл атқарады. Бұл өршіл мақсат қолжетімді болуы
үшін университеттің тиімді сапа жүйесін қоса алғанда, көптеген факторлар
арқылы нығайтылуы тиіс.
НУ-дың сапа құрылымы университеттің
СҚА тетіктерінің көмегімен
академиялық басымдылыққа қолдау білдіру стратегиясының мақсатын қол-
дайды. Институционалдық бағалау бағдарламасының есебінде «НУ-дың қы-
змет көрсету сапасын тұрақты арттырып отыратынына НУ-ға қызығушылық
тудырған тараптардың айнымас адалдығы...» деп атап көрсетілген. Институ-
ционалдық бағалау бағдарламасының тобы да «бүкіл университет көлемінде
сапаны қамтамасыз етуден сапа мәдениетіне көшуді жалғастыруды ұсынды».
Әрине, әлі көп нәрсені жүзеге асыру және жақсарту қажет, бірақ сапа мәде-
ниетін дамыту – уақыт пен ұжымдық күш-жігерді қажет ететін тұрақты іс.
Достарыңызбен бөлісу: