Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


О Й Л А Н У Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н С Ұ РА Қ ТА Р



Pdf көрінісі
бет120/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

О Й Л А Н У Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н С Ұ РА Қ ТА Р


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
210
V I I Т А Р А У
Білім беру бағдарламасын 
басқару үрдісі


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
211
Шолу
Білім беру бағдарламаларын басқару үрдісінің негізгі компо-
ненттері, оның ішінде бағдарламаларды әзірлеу, бекіту, тұрақты 
бақылап отыру және жетілдіру сапаны іштей қамтамасыз етіп, арт-
тыру жүйесінің маңызды бөліктерін құрайды.
Білім беру бағдарламаларын басқару үрдісінің тиімді болатын-
дығына өзінің кәсіби қызметін немесе жан-жақты індете жасаған 
зерттеулерін сәтті жүзеге асыра алған түлектер дәлел бола алады. 
Біз «Білім беру бағдарламалары мен курстарды әзірлеу» деп атала-
тын 3-тарауда білім беру бағдарламасын әзірлеудің негізіне алынған 
тұжырымдамалар мен теорияларды қарастырсақ (құрылымдық 
сәйкестендіру, білім алушыларға бағдарланған оқыту, нәтиже алуға 
бағытталған тәсіл), ал бұл тарауда аталған үрдістердің іс жүзінде 
қалай қолданылатындығын қарастыратын боламыз.
7.1 Білім беру бағдарламаларын басқару қағидалары
Білім беру бағдарламасын басқару үрдісі жоғары оқу орнының 
білім беру мазмұнына қатысты ұсыныстар спектрін дамытуға және 
оны үнемі жетілдіріп отыруға қолдау көрсетеді. Төменде берілген 
негізгі қағидалар тиімді үрдістерді дамытуда университеттер үшін 
қолайлы нұсқаулық бола алады: 
• жүйелі түрде қолданылып, ретімен әрекет етеді;
• бағдарламаны әзірлеу мен іске асыруға байланысты мәсе-


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
212
лелерді құрылымдық және қызықты түрде талқылауға қол-
дау білдіреді;
• ашық, айқын және алқалы шешім қабылдауды қолдайды;
• барлық қызығушылық білдірген тараптардың өкілдіктері 
мен міндеттерін нақты белгілеп, анықтайды;
• бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және талдау жасау тәсіл-
дерін жалпылама түсінуге ықпал етеді;
• жоғары академиялық стандарттарға лайықты болатын 
жоғары сапалы білім беру қызметтерін дамытуға қолдау 
білдіреді;
• ішкі қызметкерлер мен студенттердің, сондай-ақ штаттан 
тыс жұмыс істейтін мамандар мен жұмыс берушілердің 
тәжірибесіне сүйенеді;
• кәсіби, заңнамалық және бәрін реттеп отыратын органдар-
дың талаптарына сәйкес келеді;
• нарықты талдаудың дәлелдемелерімен, бизнес саласын-
дағы кейстермен, институционалдық ресурстармен және 
инфрақұрылыммен толық ақпараттандырылған;
• білім беру инновацияларын ынталандырып, студенттердің 
оқуына керемет мүмкіндік беруге қолдау білдіреді;
• инклюзивті білім беру тәжірибесіне қолдау білдіреді.
Бұл тарауда осы қағидалардың қолданылуы егжей-тегжейлі қа-
растырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет