Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет123/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

Мектеп деңгейіндегі үрдістер
Жаңа бағдарлама жасауға бастамашы болған оқытушылар бұл 
кезеңде алдын-ала жүргізілетін ауқымды жоспарлаумен және дай-
ындық жұмыстарымен айналысады. Бұл кезең ұсынылып отырған 
бағдарламаның университет пен мектеп деңгейіндегі стратегиялық 
бағыттарға сәйкес болуына, сыртқы бағдарлар мен ішкі басым-
дылықтарды және саясатты есепке алуға, бизнес-негіздеме және 
бағдарламаның нарықтағы сұранысына, сондай-ақ оқытушылар 
149 
Gibbs, G. and Rowntree, D. (1999). Teaching in Higher Education: Theory and Evidence. Chapter 1: 
Designing Courses. Milton Keynes: The Open University


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
216
құрамына, аудиториялық қорға, қаржыға, жабдықтарға қатысты 
басқа да қолданыстағы бағдарламалардың, ресурстардың қайтала-
нуын болдырмау тәрізді мәселелерді қамтиды. Аталмыш кезеңдегі 
кеңестер сонымен қатар осы саладағы беделді халықаралық және 
ұлттық сарапшылардың сырттай айтқан пікірлерін қамтиды.
Институционалдық деңгейдегі үрдіс
Бағдарламаны институционалдық деңгейде бақылауды оқы-
тушылар, студенттер және академиялық басшылық екі негізгі ака-
демиялық орган арқылы жүзеге асырады: (1) Академиялық сапа 
мәселелері жөніндегі комитет, кеңес беруші әрі тексеруші орган 
және (2) Академиялық кеңес, түпкілікті шешім қабылдайтын ор-
ган. Академиялық сапа жөніндегі комитет академиялық кеңеске 
бағынады және оған есеп береді. Әрбір комитетке бакалавриат, ма-
гистратура және докторантура бағдарламаларының білім алушы-
ларынан ең кемінде екі өкілден, сондай-ақ барлық мектептердің 
оқытушылары кіреді. Бұл ұсынылған білім беру бағдарламасының 
ашық және бейтарап (әділ) тексерілуіне ықпал етеді. Сонымен қа-
тар бірлескен жұмыс ортасын құруға жағдай туғызып, оқытушылар 
мен студенттерге оқу жоспарын жасауға мүмкіндік береді (Healey 
et al., 2014)
150
.
Бағдарлама бекітуден сәтті өткеннен кейін оны құрған жұмыс 
топтары Бағдарлама жөніндегі нұсқаулық әзірлейді, онда бағдарла-
маның барлық қыр-сыры мен артықшылықтары, оқыту барысын-
дағы ілгерілеу мен бағдарламаны аяқтау өлшемшарттары, студент-
терді қолдау қызметтері жайында айтылады. Бағдарлама жөніндегі 
бұл нұсқаулық жалпыға қолжетімді ресурстарға салынады. Төмен-
де берілген 23-суретте аталған үрдістер көрсетіледі (2020 жылдың 
маусымынан бастап пайдаланылады).
150
Healey, M., Flint, A., and Harrington, K. (2014). Engagement Through Partnership: Students as Partners 
in Learning and Teaching in Higher Education. York: Higher Education Academy. https://www.advance-he.
ac.uk/knowledge-hub/engagement-through-partnership-students-partners-learning-and-teaching-higher


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет