Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет47/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   135
3.3 Курсты жобалау мен әзірлеу
Негізгі қағидат ретінде курстардың сапасы барлық студенттер 
үшін жоғары оқу тәжірибесін қамтамасыз етуі және студенттердің 
жетістіктерін сенімді түрде бағалауды қамтамасыз етуі керек. Кур-
сты әзірлеу кезінде ішкі стратегиялар мен ұсыныстарды (мыса-
лы оқыту, білім беру және бағалау стратегиялары) және сыртқы 
бағдарларды (мысалы халықаралық ұйымдардың немесе аккре-
диттеу агенттіктерінің пәндік бағдарлары) пайдаланған жөн. 6-су-
ретте курсты әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс негізгі компоненттер 
ұсынылған.


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
90
Курсты жобалау үдерісі
Курсты жобалау үдерісінің басында курс әзірлеумен айналыса-
тын топтар курстың бағдарламаға сәйкес болуын қадағалауы керек, 
өйткені курс сол бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады. 
Бағдарламаны әзірлеу барысында студенттердің жалпы тәжірибесі, 
пәннің бағдары және ғылыми зерттеулер негізінде оқыту тәсілдері 
сияқты элементтері анықталған болуы мүмкін. Оқытушылардың, 
студенттердің және басқа да қатысушылардың араласуы курсты 
әзірлеу үрдісіне барлық мүдделі тараптарды тиімді түрде тартуға 
көмектеседі. Курстың мазмұнын ақпараттандыру үшін ішкі және 
сыртқы мүдделі тараптармен кері байланысты пайдалану керек. 
Курстың нақты құжаттары мүдделі тараптар үшін қолжетімді бо-
луы қажет, ал студенттерге берілетін курстар туралы ақпараттар 
уақтылы берілуі және қолжетімді болуы керек.
Курсты әзірлеу барысында оқу сабақтарының мазмұнын, 
құрылымын, мерзімдерін, педагогикалық стратегияларды, реттілі-
гін, сондай-ақ бағалау түрі мен жиілігін ескеру маңызды. Оқытуға 
қолдау білдіру үшін қолданылатын технологиялардың сипатын 
ескеру қажет. Бағдарламалық дизайндағы сияқты курстың да за-
манауи дизайны студентке бағытталған болуы тиіс. Жақсы ойла-
стырылған курстарда төмендегілер қамтылады: 
• студенттерге зерттеу және іздеу жұмыстары арқылы оқуға 
мүмкіндік беру;
• студенттерді сыни тұрғыдан бағалауға және тұжырымдама-
ларға қарсы пікір айтуға шақырыңыз;
• студенттерге жеке және топта оқу мүмкіндігін беру;
• студенттерді кәсіби бағыты бар оқуларға тарту;
• білім беруді ақпараттандыру және жақсарту үшін бағалау 
мен кері байланысты (қалыптастырушы және жиынтық 
бағалау) пайдалану.
Курсты әзірлеу барысына қатысатын кезеңдер 6-суретте көр-
сетілген.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
91
Мәнмәтін
Институционалдық, ұлттық және халықаралық мәнмәтін-
ді ескерген жөн. Мәнмәтінге институционалдық стратегиялар
құрылымдар мен жетекші қағидаттары, ұлттық құрылымдар және 
Болон үдерісінің немесе аккредиттеу агенттіктерінің талаптары си-
яқты халықаралық талаптар кіруі мүмкін. Курстың еңбек әлемімен 
және одан әрі оқытумен байланысы тағы бір маңызды әсер етуші 
фактор болып табылады; ол аспектінің қамту аясы аймақтық, ұлт-
тық немесе халықаралық болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет