Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



Pdf көрінісі
бет48/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135
6-сурет. Курсты әзірлеу барысы
Мәнмәтін
Оқыту нәтижелері
Бағалау
Мазмұны
Оқыту және 
білім беру
Сапасын 
қамтамасыз ету
Оқу орны, міндеті, факультет, 
стратегиялары, аккредиттеу
Курс аяқталған соң студенттер 
не істей алады?
Бағалаудың келісілген түрі: 
қалыптастырушы және жиынтық
Оқыту нәтижесіне сәйкес келетін 
және оған қол жеткізу үшін іріктелген
Курс құрылымы және 
тапсырмалар түрі 
Сапаны қамтамасыз етуді және 
курсты жақсартуды жоспарлау 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
92
Студенттер
Қазіргі университеттер – тым алуан түрлі ұйым болып табы-
лады және бұл студенттер контингентінде жиі көрініс береді. Сту-
денттер контингентінің әртүрлі болуын қабылдау курсты жобалау 
үрдісінің алғашқы кезеңдерінің ажырамас бөлігі болуы керек. Сту-
денттердің алуан түрлі контингентінің оқу ортасына ынталандыру 
түрінде ықпал ететіндігі сөзсіз және бұл әртүрлілікті курс дизай-
нерлері студенттердің оқу тәжірибесін жақсарту үшін оңтайлы деп 
тауып, қолдануы мүмкін. Сонымен, курстар өз сипаты бойынша 
инклюзивті болуы және халықтың белгілі бір бөлігінің – бірінші ке-
зекте жоспарланған оқыту нәтижелері, оқыту мазмұны, сондай-ақ 
қолданылатын оқыту, білім беру және бағалау әдістері тұрғысынан 
бағдарланбауы тиіс.
Курс бойынша оқу нәтижелері
Конструктивті сәйкестік курс бойынша оқыту нәтижелерінің 
бағдарлама деңгейінде оқыту нәтижелерімен үйлесуін талап етеді. 
Олар өз кезегінде университет түлегінің үлгісіне сәйкес келуі тиіс. 
Әр курс үшін нақты және өзара байланысты оқыту нәтижелері 
әзірленуі керек. Олар Дублин дескрипторларында сипатталған 
біліктілік деңгейіне сәйкес келуі қажет. Нақты анықталған нәти-
желер студенттерге курста бәріне үлгеру үшін не істеу керектігі 
туралы нақты түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Олар сондай-ақ 
оқытушыларға курстың мазмұны мен бағалау тәсілдерін анықта-
уға көмектеседі.
Бағалау
Курс талаптары мен бағалау мәселелерін қарастырғанда сын-
дарлы сәйкестендіру принципі тағы да маңызға ие болады. Курста 
бағалау әдістерін таңдау студенттердің оқу тәжірибесіне айтар-
лықтай әсер береді. Көбінесе студенттердің курсты толық меңгер-
гендігінің деңгейін бағалау мүмкін болмайды, бірақ студенттердің 
барлық оқыту нәтижелеріне қол жеткізуін бағалау қажет. Әрбір 
жеке берілген тапсырма курс бойынша оқытудың бірнеше нәтиже-
сін бағалауға бағытталуы мүмкін.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
93
Бағалау үрдістері студенттерге қол жеткізген оқу нәтижелерін 
көрсетуіне мүмкіндік беруі тиіс, сондықтан осы мақсат үшін жарам-
ды болуы керек. НУ-дың бағалау стратегиясында сипатталғандай, 
олар сондай-ақ сенімді әрі бәрі көре алатындай болуы және студент-
терді тұрақты әрі сапалы кері байланыспен қамтамасыз етуі тиіс.
Курс аясында бағалау тәсілдерін дайындау кезінде ескерілетін 
басқа да маңызды факторларға келесі аспектілер жатады: бағалау 
кезінде инклюзивтілікті қамтамасыз ету; әр алуан бағалау түр-
лері; студенттер контингентінің әртүрлілігін есепке алу; бағалау 
студенттердің оқу мотивациясына қолдау білдіруі керек; бағалау 
оқу үрдісінің бір бөлігі болуы керек. Мүмкіндік болса бағалауға 
берілетін тапсырмалар студенттердің нақты еңбек әлеміне дай-
ындала алатындай болуы керек. Жақсы ойластырылған бағалау 
тапсырмалары әр студенттің оқу үлгерімінің деңгейін тиімді ажы-
ратады, нәтижесінде өтілген курс бойынша білім алушылардың 
жинаған ұпайларын қалыпты бөлуге мүмкіндік береді.
Бағалауға қатысты мәселелер 5-тарауда толығырақ қарасты-
рылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет