Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


О Й Л А Н У Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н С Ұ РА Қ ТА Р



Pdf көрінісі
бет53/135
Дата06.10.2023
өлшемі4,81 Mb.
#113003
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   135
Байланысты:
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu

О Й Л А Н У Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н С Ұ РА Қ ТА Р
Бағдарлама әзірлеу
1. Білім беру бағдарламаларына институциялық стратегиялар қа-
лайша және қай жерде кіріктірілген?
2. Сіздердің тобыңыз әзірлеген білім беру бағдарламасы құрылым-
дық жағынан келісілген бе? Мәселен:
а.
бағдарламаның мақсаты, курс бойынша оқытудан күтілетін 
нәтижелер, бағдарлама бойынша оқу нәтижелері және оқу 
орны түлегінің үлгісі бір-бірімен өзара сәйкестендірілген бе?
ә.
білім беру мен оқыту тәсілдері, курс және бағдарлама бойын-
ша оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы бағалау өзара сәйке-
стендірілген бе?
3. Бағдарламаның сәйкестігін қамтамасыз ету және бағдарлама-
да курстардың мазмұнын қайталамау үшін курстар арасындағы 
байланыс жеткілікті ме?
4. Студенттер өздерінің жеке оқу бағытын дайындау үшін кур-
старды таңдай ала ма? 
5. Студенттің барлық оқу барысы оның алдыңғы оқыған сабақта-
рына негізделген бе және қиындатылған жаңа кезеңге көшуді 
қамтамасыз ете ме?
6. Студенттердің бағдарлама бойынша оқу нәтижелеріне қол жет-
кізуін бағалау тапсырмалары арқылы көрсетуге мүмкіндігі бар ма?


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
102
Курсты әзірлеу
1. Курс бойынша оқыту нәтижелері күтілетін дағдылар мен кәсіби 
қасиеттерді / көзқарастарды қалыптастыруды, сондай-ақ сту-
денттің білімін жетілдіруді ескере ме?
2. Сіз студенттердің күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізе ала-
тындығына көз жеткізу үшін курстың мазмұнын, оқыту және 
білім беру әдістерін қаншалықты үйлестірдіңіз?
3. Курс студенттердің әртүрлі қабілеттері мен қажеттіліктерін қа-
лай танып, есепке алады (мысалы тілдік немесе мәдени айыр-
машылықтар, мүмкіндігі шектеулі студенттер, оқу стилі әртүрлі 
студенттер)?
4. Сіздің курсыңыз оқу бағдарламасына қалай сәйкес келеді? 
Сіздің курсыңыз бағдарлама бойынша оқытуда қандай нәтиже-
лерге қол жеткізуге көмектеседі?
5. Студент сіздің курсыңызға аптасына қанша сағат жұмсау ке-
рек? Сыныптан тыс уақытта қандай оқу жұмыстары беріледі? 
Бұл ECTS-тің күткен нәтижелеріне сәйкес келе ме?
6. Курстың жетістігін бағалау үшін қандай тетіктер қолданылады?


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
103


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
104


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет