Білім беру бағдарламаларының ОҚу-бағдарламалық ҚҰжаттамалары


Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі



бет66/77
Дата03.08.2023
өлшемі7,37 Mb.
#105008
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77
Байланысты:
2022-2023 Химия 72 ч. УМК (2)2

Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)

  1. Конструкциялық пластиктер. Оларды көбіне пластмассалар деп атайды. Пластмассаға кейін толығырақ тоқталамыз. Басқа полимерлерден айырмашылығы мынадай: пластиктер — бөліну беріктігі 50—200 кг/см2 болатын қатты заттар.

  2. Эластомерлер. Оған каучук, резеңке және осыларға ұқсас материалдар жатады. Эластомерлерге атына сәйкес жоғары (эластикалық) иілімділік, созылғыштық тән, деформациялығы қайтымды.

  3. Талшықтар мен жіптер. Бұларға осы талшықтардан тоқылған маталар жатады. Бұл материалдардың қасиеттері молекулаларының үш өлшемінің қайсысын негізге алуға байланысты бір-бірінен айқын ерекшеленеді. Талшықты материалдардың беріктігі, иілімділігі, қаттылығы, кейде тіпті тығыздығы да анизотропиялық (дененің барлық немесе бірқатар физикалық қасиеттері әр бағытта әр түрлі) болады. Бұл бастапқы полимердің химиялық құрылымы мен жалпы қасиеттеріне байланысты.

  4. Қабыршақтар, лактар, бояулар және басқа қорғағыш, әсемдегіш жабындар (пленкалар). Бұл заттарда қасиеттердің анизотропиялығы өте айқын байқалады. Лак, бояу материалдарының олар жабатын негізбен берік байланысында — адгезияның да маңызы зор. Сондай-ақ бұл типтегі материалдардың тағы бір ерекшелігі — алдын ала пішін жасауға болмайды. Оларды қорғалатын заттың бетіне жұқа қабатпен жағып, қолма-қол пайдаланады.




Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)

Полимерлердің молекулалық массасы әр түрлі және құрылымының айрықша сипаты болуына байланысты, олардың қасиеттерінің кіші молекулалы заттардың қасиеттерінен айтарлықтай өзгешелігі болады. Кіші молекулалы заттар, әдетте, өздеріне тән балқу, қайнау температураларымен және басқа да тұрақты шамалармен, яғни константалармен сипатталады.
Жоғары молекулалы қосылыстардың молекулалық массалары үлкен болған сайын әр түрлі полимерлердің қасиеттеріндегі айырмашылықтар да азая береді, тіпті жеке зат ретінде айырмасы болмай қалады. Сондықтан полимергомологтарды жеке химиялық зат ретінде бөлу әдісі жоқ деуге болады. Полимергомологтардың қоспасын молекулалық массалары бір-біріне жуық шамадағы фракцияларға бөліп қарастырады






Рефлексия (5мин.)










  1. Қарапайым органикалық заттардың модельдерін құрастыру.

3 шар-өзекті этен молекуласының моделін құрастырыңыз.

  1. Әр молекуладағы еселі байланыстың бір байланысын үзіп, алынған моделдерді бір-бірімен байланыстырыңыз.

  2. Соңында түзілген молекулаларда бір-бірден бос байланыс қалады.

  3. Үш молекула этен молекуласынан полиэтиленнің түзілу суретін салыңыз.

  4. Полимерлену реакциясының теңдеуін жазыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет