Білім беру бағдарламасы 2020-2021 оқу жылы Күзгі семестр «Психология»


-Модуль. Қарым-қатынас псхологиясы және тұлға



бет8/17
Дата17.02.2023
өлшемі65,77 Kb.
#68791
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
9-Модуль. Қарым-қатынас псхологиясы және тұлға
9-дәріс. Қарым-қатынас процесінің психологиялық ерекшеліктері
Стихиялы топтық қарым-қатынас – «Мен» және «Олар» деген қарым-қатынасқа негізделген өзара әрекет. Қарым-қатынастың бұл түрі алуан түрлі жасөспірімдік топтардың пайда болуына алып келеді. Стихиялы-топтық қарым-қатынас процесінде мінез-құлықтың тұрақтылығы агрессивтілікке, жауыздыққа, қорқыныш сезімінің жоғары болуына алып келеді.
Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас - өте маңызды әрекеттерді орындауда «Мен» және «Қоғам» деген қарым-қатынасқа негізделеді. Ол адамдардың қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, қарым-қатынасқа түсу топтарының, ұйымдардың формаларының дамуымен сәйкес келетін факторы болып есептеледі.
Стихиялы топтық қарым-қатынас – «Мен» және «Олар» деген қарым-қатынасқа негізделген өзара әрекет. Қарым-қатынастың бұл түрі алуан түрлі жасөспірімдік топтардың пайда болуына алып келеді. Стихиялы-топтық қарым-қатынас процесінде мінез-құлықтың тұрақтылығы агрессивтілікке, жауыздыққа, қорқыныш сезімінің жоғары болуына алып келеді.
Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас - өте маңызды әрекеттерді орындауда «Мен» және «Қоғам» деген қарым-қатынасқа негізделеді. Ол адамдардың қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, қарым-қатынасқа түсу топтарының, ұйымдардың формаларының дамуымен сәйкес келетін факторы болып есептеледі.
Адамның бала кезінен бастап жаңа әлеуметтік жағдай баланың өмір жағдайын қиындатады және ол үшін стрессогенді болып табылады.
Баланың мектеп өміріне ауысуында оның өміріне мынадай өзгерістерге ұшырайды:
1. Өмірдің қаталырақ тәртібі: ерте тұру, қоңырау соғылғанда жұмысты бастау, сабақта тыныш отыру, жан-жақа қарамау және т.б.
2. Қарым-қатынастың арнайы стилі: мұғалім ережелердің орындалуын қатаң талап ететін, оқушының әрбір әрекетін қадғалайтын адам ретінде болады.
3. Мектепте жұмыс әдісіне, берілген әдісті саналы түрде орныдауына үлкен көңіл бөледі. Бала бұрыннан бастап отырып, тұруды үйренсе де мектепте партаға қалай дұрыс отыру, орнынан тұру, қолына қаламсап ұстау керектігін үйретеді.
Төменгі сыныпта балалар үшін әлеуметтік қарым-қатынастың екі аймағы болады, олар: «бала-үлкендер», «бала-балалар». Бұл жағдайлар ойын және оқу іс-әрекетімен байланысты. Ойын нәтижелері баланың ата-анасымен арасындағы қарым-қатынасын бұзбайды, балалардың ұжымның арасында болатын қарым-қатынас оларды жан-жақты тану көмегін тигізеді. Бұл қарым-қатынастар бір-бірімен паралелді жүреді және олар иерархиялық байланыстармен орнатылмаған. Баланың жан-жақты дамуы отбасы ішіндегі үйлесімділікке тәуелді болады.
Ал мектепте бұл қатынастардың жаңа құрылым туындайды. «Бала – үлкендер» жүйесі дифференцияланады.
Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, И.С. Славина «бала – мұғалім» жүйесі баланың ата-ана мен балаларға деген қатынасын анықтай бастайтындығын атап өтеді. Жақсы «бестік» мінез-құлық пен жақсы бағалар баланың үлкендер мен және құрбыларының арасындағы қарым-қатынасын тұрақтандырушы фактор болып табылады. Үлкендердің баладан ең бірінші сұрайтыны: «Сен қалай оқып жатырсың?» болып табылады. «бала-мұғалім» жүйесі бала үшін өмірінің мәні болып табылады, оған өмірдегі барлық жағымды жағдайлар тәуелді.
Қарым-қатынас процесінде адамдар арасындағы қоғамдық байланыстар жүзеге асады. Қазіргі қоғамда қарым-қатынастың әлеуметтік функциясын теориялық жағынан екі категорияға бөлуге болады: әлеуметтік – тұтас қоғам немесе олардың бөлек топтарының қажеттіліктерін әсерлесу процесінде қанағаттандыруға негізделген; әлеуметтік-психологиялық – қоғам мүшелері бөлек тұлғалардың қажеттіліктерімен байланысты.
Психологияда ең күрделі мәселелердің бірі – ол адамның қарым-қатынасқа түсе алмауы. В.А. Кан-Калик қарым-қатынас қиындығын қандай да бір «психологиялық күрес» деп атайды, олар қарым-қатынас жасауға және субъектінің әрекет етуіне кері әсер етеді.
А.К. Маркова қиындық әрекеттің, қарым-қатынастың үзіліс формасы есебінде анықтайды. Қиындықтардың бірнеше функциясы бар. Қиындықтың позитивті функциясы 2 мағынаға ие: индикаторлы (тыңдарманның назарын өзіне аударту); - жүйелендіретін, мобилизациялайтын тәжірибе жинақтауда, қиындықтарды жеңуде және оларды анализдеу кезіндегі әрекет ету активизациясы. Сонымен қатар А.К. Маркова 2 мағынаға ие қиындықтың негативті жақ функциясын да бекітеді. а) ұстамды – қиындықты жеңуде белгілі бір шарттың болмауы немесе өзіне қанағаттанбау; б) деструктивті – ол қарым-қатынастың тоқталуына, одан кетуіне алып келеді.
Қазіргі таңда қарым-қатынас «күресі» немесе «қиындығы» әр түрлі бағыттар бойынша қарастырылуда. Ал жалпы психология тұрғысынан олар эмоционалды, когнитивті, тактика есебіне классификацияланады.
Жасөспірімдердің қарым-қатынасын күрделендірудегі себептері мен факторларын қарастыруда ең алдымен жасөспірімдік ерекшеліктерге баса назар аудару қажет. Жасөспірімдік кезең ең күрделі кезең. Жасөспірімдік кезеңде балаларда психикалық дамуға байланысты өзара қарым-қатынас жасаудың 2 әр түрлі жүйесі қалыптасады: ересектермен және құрбы-құрдастарымен. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау әдетте өзара теңдік нормаларымен басқарылады, яғни өзара тең дәрежеде жүреді. Құрбыларымен қарым-қатынас жасау жасөспірімге өз қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруда көп пайда алып келетіндігін жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.
Ол өзінің уақытының көп бөлігін құрбыларымен өткізе бастайды. Жасөспірімдік кезеңде жасөспірімнің құрбыларымен, сыныптастарымен, жалпы адамдармен қарым-қатынас жасауы күрделі болып келеді. Ересектермен қарым-қатынас жасау жасөспірімнің барлық мәселесін толық шеше алмайды. Қарым-қатынас мазмұнында біршама өзгерістер жүреді. Егер кіші жасөспірімді білім және мінез-құлық туралы сұрақтар қызықтырса, үлкен жасөспірімді тұлғалық қарым-қатынасқа, индивидуалдылықтың дамуына тән сұрақтар қызықтыра бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет