Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет69/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96
Іс-әрекеттегі зерттеуді анықтау 

Мектеп  контекстінде  іс-әрекеттегі  зерттеу  спиральді  процесс  ретінде 

қарастырылады.  Мұғалімдер,  мектеп  әкімшілігі  проблемаларды  зерттейді  және  зерттеу 

нәтижелері  бойынша  мектептің  жұмысын  жақсартады.  Одан  соң,  олар  проблеманы 

енгізілген түзетулермен қарастырады және қажет болған жағдайда зерттеу және жетілдіру 

циклын  қайта  жүргізеді.  Зерттеудің  бұл  түрі  мектепте  немесе  мектеп  туралы  емес, 

мектеп  үшін  қарастырылады.  Кеммис  (2007)  Іс-әрекеттегі  зерттеу  мұғалімдердің 

тәжірибесін,  олардың  өз  тәжірибелерін  және  олар  жұмыс  істейтін  жағдайларды  түсінуін 

өзгертетінін айтады.  

Уилсон  (2013)  Іс-әрекеттегі  зерттеудің  бірнеше  негізгі  идеяларын  анықтайды. 

Біріншіден,  Іс-әрекеттегі  зерттеу  тәжірибені  жетілдіру  мақсатында  қабылданған  іс-

әрекеттер  туралы  ақпарат  беру  үшін  жалпыға  бірдей  танылған  зерттеу  әдістері  мен 

мәліметтерді  жинау  қолданылатын  ғылыми  танымның  бір  түрі  болып  табылады. 

Екіншіден,  Іс-әрекеттегі  зерттеу  мұғалі-практиктерге  олардың  тәжірибесін  зияткерлік 

және моральдік бақылауды қамтамасыз етеді. Мұғалімдер өз тәжірибесін бағалайды және 

жүргізілген  зерттеу  негізінде  түзетулер  енгізеді.  Зерттеуді  практикада  қолданатын 

мұғалімдер  зерттеу  әдістерін  қатаң  ғылыми  түрде  қолдануы  керек.  Бұл  жағдайда 

мұғалімдердің    өз  тәжірибесін  іс-әрекеттегі  зерттеулері  академиялық  зерттеудің  басқа 

түрлеріне  тән  критерийлерге  сәйкес  келеді:  зерттеу  өзара  бағалануы  керек,  түпнұсқалы, 

маңызды болып, деректер жарамды болуы керек, зерттеу нәтижелері бойынша кез келген 

тұжырымдар жиналған мәліметтермен расталуы керек. 

(

Wilson, E. 2013)  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет