Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізеді?



Pdf көрінісі
бет72/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   96
Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізеді? 

Келесі  бөлімде нақты сыныпта жүргізілген және рецензияланған ғылыми журналда 

жарияланған мақаладан алынған іс-әрекеттегі зерттеуге мысал келтірілген. (В. Цафос 2009 

ж.). Бірнеше кезеңнен тұратын зерттеу процесін суреттеу үшін пайдаланылған мақаладан 

қысқаша үзінділер. 



1.Сыныпта шешкіңіз келетін проблеманы анықтаңыз. 

1.1-блокта  автор  проблеманы  неге  анықтағаны  және  оны  қалай  анықтағаны  туралы 

түсіндіріледі. 

1-блок.  Нақты сыныптағы проблема 

"Мұғалім ретінде мен оқушылардың ежелгі грек әдеби мәтіндерін герменевтикалық 

талдау кезінде пассивті екенін бұрыннан байқадым" (Цафос, 2009, тр.197). "Ежелгі грек 

әдебиетін  оқытудағы  негізгі  проблемалардың  бірі  -  оқушылардың  түсіндіру  процесіне 

қатыса  алмауы;  атап айтқанда,  оларға  негізделген  қорытынды  жасауға  көмектесетін 

түсіндіру  әдістерін  қолдану.  Жалпы  қабылданған  оқыту  әдістемесіне  сәйкес,  мұғалім 

қажетті  байланыстарды  жүргізуге,  классикалық  мәтіндердің  ерекше  және  "асыл" 

мағынасын ашуға және оларды оқушыларға ұсынуға тырысуы керек. Осы пәнді көптеген 

жылдар  бойы  оқытып,  жалпы  қабылданғаннан  мүлдем  өзгеше  көзқарасты  ұстана 

отырып, мен оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған оқыту әдістерін сынап көру 

үшін  эксперименттік  зерттеу  жобасын  бастауға  шешім  қабылдадым.  Менің  түпкі 

мақсатым  оқушыларды  пассивті  ақпарат  алушылардан  белсенді  оқырмандарға 

айналдыру болды. Зерттеу стандартты көп сатылы эксперименттік зерттеу жобасы 

түрінде  ұйымдастырылды:  жоспарлаймыз-әрекет  етеміз-қадағалаймыз-талдаймыз." 

(Цафос, 2009ж., 199-бет) 

1.Зерттеу 

саласын 

анықтаңыз

2. Зерттеу 

әзірлеңіз

3.Тәжірибені 

түсініңіз

4.Қайтадан 

бастаңыз


5. Әдістемені 

жетілдіріңіз




59 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет