Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет94/96
Дата31.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#22553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Мектеп  мәдениеті  –  қызметкерлердің  басым  бөлігі  мойындайтын,  ұйым 

қызметінің  миссиясын  және  даму  стратегиясын  анықтайтын,  әлеуметтік  нормалар, 

құндылықтар және сенімдер. 

Мониторинг  –  объектінің  жалпы  жай-күйі  туралы  пайымдау  үшін  осы  объектіні 

сипаттаудың  негізгі  (айқын  немесе  жанама)  белгілерінің/параметрлерінің  аз  санын 

жинау/тіркеу, сақтау және талдау жүйесі. Яғни, оны сипаттайтын белгілердің аз мөлшерін 

талдау негізінде объект туралы тұтастай шешім қабылдау. 



Мұғалімдердің желілік қоғамдастығы  – мұғалімдердің Интернет желісі арқылы 

кәсіби  қоғамдастыққа  бірігуі,  бұл  оларға  тәжірибе  алмасып,  өздерінің  біліктілік  деңгейі 

мен кәсіби құзыретін арттыруға мүмкіндік береді. 

Мұғалімдердің  кәсіби  қоғамдастығы  –  кәсіби  даму,  оқуды  жетілдіру  және 

әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында көзбе-көз және сырттай өзара әрекеттесу, жеке 

кездесу,  хат  алмасу,  бірлескен  іс-шаралар  өткізу  арқылы  ортақ  мүдде,  мақсаттармен 

байланысқан  мектеп,  мектептер  тобы,  аудан,  облыс,  аймақ,  ел,  әлем  мұғалімдерінің 

бірлестігі.  Көшбасшы  мұғалімдер  бастаған  зерттеулер  мен  инновациялар  негізінде 

өздерінің оқыту мен оқу тәжірибелерін тиімді дамытуға арналған өріс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет