Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері (балалар ауруы) пәні бойынша
Асилбекова Гүлмира Тынысбекқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының меңгерушісі.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 28-ден астам жарияланымдар, оның ішінде 7 оқу-әдістемелік құрал.
Ильясова Гүлнара Темірбекқызы –аға оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 32-ден астам жарияланымдар, оның ішінде 2 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құрал.
Абласанов Аби Арғынбайұлы–оқытушы, «Педиатрия» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау, Түркістан қалаларындағы балалардың туа біткен ақауларының таралуы және шығу себептері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 10-нан астам жарияланымдар
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы, Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №2 медицина ғимараты, медицина факультеті, Педиатрия кафедрасы (316 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 1282). Ұялы телефон номері – 87011370577, e-mail ablasanov 73@mail.ru
1.1 Пәннің саясаты: Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.