|
Байланысты: ЖТБ Силлабус 2021Мақсаты:
Тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселеріне жүйелі түрде талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын айқындау.
Курс міндеті:
тіл білімінің зерттеу нысаны мен салаларын таныстыру;
тіл білімінің даму тарихына кеңінен тоқталу;
тіл білімінің дамытуға өз үлестерін қосқан зерттеушілермен, ғалымдармен, тіл білімінің ғылыми бағыттары және мектептерімен таныстыру;
тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланыстарын айқындау;
тіл білімінің өзіндік теориялық мәселелеріне жан-жақты тоқталу;
тілдің табиғаты мен мәнін, оның қызметі мен таңбалық, құрылымдық сипаттарын ашу;
тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары, олардың тіл білімінің салаларына әсерлерін анықтау;
тілдің қоғам дамуындағы рөлі мен орны;
тіл білімінің даму тарихында қолданылған, қазір қолданылып жүрген арнаулы әдіс-тәсілдер және әдістемелердің сыр-сипатын ашу;
Курс мазмұны:
"Жалпы тіл білімі" пәні, оның зерттеу нысанасы;
Көне заман тіл білімі;
Орта ғасырлардағы тіл білімі;
Қайта өркендеу және XYII-XYIII ғасырлардағы тіл білімі;
XIX ғасырдың салыстырмалы-тарихи және типологиялық зерттеулер;
XIX ғасыр тіл біліміндегі ағымдар мен көзқарастар;
XX ғасыр тіл біліміндегі ғылыми мектептер;
XX ғасыр тіл біліміндегі структурализм мен этнографиялық тіл білімі;
Кеңес тіл білімінің даму ерекшеліктері;
Тіл білімінің салалары және басқа ғылымдармен байланыстары;
Тілдің табиғаты мен мәні және қызметі;
Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаттары;
Тіл мен қоғам арасындағы байланыстар;
Тіл дамуының заңдылықтары;
Тіл білімінің зерттеу әдістері мен тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|