Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет17/46
Дата25.12.2022
өлшемі122,7 Kb.
#59504
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Жалпы тіл білімі силлабус 2022

Тілдің қызметі
Тілдің ең басты қызметі не?
Оның ең басты қызметі¬ қатынас құралы болуы. Тіл адам баласы қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы, құралы ретінде қызмет атқаратын қоғамдық құбылыс.
Тіл мен қоғамның арасындағы байланыс екі жақты болады. Біріншісі: тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда бірлесіп еңбек етуі мүмкін емес. Өйткені тіл – қоғамның өмір сүруінің басты шарты. Екіншісі: тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.Қоғамнан тыс тіл жоқ.
Тілдің екінші басты қызметі – ол ойлаудың, ойды жарыққа шығарудың құралы.Адамның ойы тіл (сөйлемдер)арқылы белгілі болады.Демек, ойлау мен тіл бір бірімен тығыз байланысты.Тілдің бұл екі қызметінен басқа, яғни қатынас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметінен басқа, тағы бір қызметі бар. Ол оның атауыштық(номинативтік) қызметі. Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі белгілі бір заттың, ұғымының , қимылдың , сынның аты, атауы болып табылады. Тілдің төртінші қызметі дүниетанымдық қызмет. Біз дүниені тіл арқылы танимыз.Өйткені тіл дүниені ( болмысты) бейнелеудің негізгі формасы
Тілдің бесінші қызметі экспрессивті эмоционалдық қызмет. Тілдің экспрессивті эмоционалдық қызметі деп адамның сол затқа, ұғымға деген өзіндік( субъективті) қатынасын , эмоциясын яғни не жақсы көру , не жек көру сезімін айтамыз. Мысалы: алақай,масқара,қап, айналайын т.б.
Тіл және қоғам
Тіл адамдардың қатынас құралы ретінде барлық қоғамға қызмет етеді. Сондықтан да, ол қоғамдық құрылыстың жойылуына байланысты жойылып кетпейді. Себебі тіл – таптық емес. Оның белгілі бір тап жасамайды. Ол сол тілде сөйлейтін барлық ұрпақтың күшімен жасалынады.
Тіл, нгізінен алғанда , өзінің нысандық ( объективтік) заңы бойынша дамиды. Бірақ оның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Өйткені қоғам өмірінде болған өзгерістер белгілі бір мөлшерде тілге де әсерін тигізеді, онда ізін қалдырады.
Тілдің құрылымдық және функциялық жағы болады. Бұл екеуі өзара байланысты, бірақ бір нәрсе емес. Тіл жалпы халықтық дегенде оның құрылымының жалпы халыққы ортақтығы ескеріледі. Өйткені құрылымы жағынан көпшілік тілдер –бірдей, біртұтас.
Ал қызметі (функциясы) жағынан алғанда тілде кейбір өзгешеліктер кздесе береді. Істейтін кәсіптеріне қарай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз сөйлеу мәнерлері, өзіндік лексикасы болатындыіғын даусыз.( Мәселен, депутат пен малшының тілін , яғни лексикасын салыстырып көріңіз.)
Бірақ бұл “тіл таптық құбылыс” дегенден емес.Бір кездерде тіл таптық құбылыс деушілер тілдің осы ерекшелігіне, яғни әр қилы қызметіне сүйенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет