Сабақтың мақсаты: Тілдің анықтамасы, табиғаты мен қызметі, тіл мен сөйлеу, тіл мен ойлау арасындағы айырмашылықтар, байланыстар туралы талдау.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: 1. Тілдің анықтамасы.
2. Тілдің табиғаты мен мәні және қызметі.
3. Тіл мен сөйлеу арасындағы айырмашылықтар.
4. Тіл мен ойлау.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Студенттердің пікірлерін талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.
Материалды жүйелеу, семинар сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;
Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өткізу формасы: пікірсайыс
Бағалау критерийлері:
пәннің зерттеу нысанын білу;
ғылымның өзге салаларымен байланысын дәлелдей алу;
Әдебиеттер: 1. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1999.
2. Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. А., 2004.
3. Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. А., 2005.
4. Жолмаханов Ш. Тіл білімінің тарихы, Қарағанды, 1999.
5. Рүстемов Л. Тіл білімі тарихына қысқаша шолу А., 1984.
№11 семинар сабақтың тақырыбы: Тілдің таңбалық сипаты:
Сабақтың мақсаты: Таңбалардың түрлері, ерекшеліктеріне, семиотика ғылымына кеңірек тоқталу.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Семиотика- таңбаларды зерттейтің ғылым.
Таңбалардың түрлері.
Тілдік таңбалардың ерекшеліктері.