Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет8/46
Дата25.12.2022
өлшемі122,7 Kb.
#59504
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
Жалпы тіл білімі силлабус 2022

Дәрістер кешені

1 дәрістің тақырыбы: «Жалпы тіл білімі» пәні, оның зерттеу нысанасы. Көне дәуірдегі тіл білімі.


«Жалпы тіл білімі» - ғылыми пән. Ол тіл білімінің жалпы теориясын қарастырады. Бұл пәннің негізгі мақсаты-студенттерді негізгі тілдік теорияларымен қаруландыру.
Әрбір ғылымның, пәннің зерттейтін, тексеретін өз нысаны болады.Мысалы, ботаника ғылымы-өсімдіктер дүниесін, география-жерді зерттейді.Дәл осы сияқты тіл білімінің де өзіндік нысаны бар.Ол нысан-адам баласының дыбыс (сөйлеу) тілі.
Дыбыс тілі - қыры да,сыры да көп сан салалы құбылыс.Айталық, дыбыс тілінің құрылысы қандай? Ол қандай элементтерден тұрады? Дыбыс тілі қандай қызмет атқарады? Дыбыс тілінің өмірі, атқаратын қызметі нелерге байланысты? Ол қандай ішкі-сыртқы әсерлердің, себептердің нәтижесінде өзгерістерге ұшырайды? Дүние жүзіндегі барлық тілдерге ортақ жалпы мәселелер бар ма? Бар болса, олар қандай мәселелер? Дүние жүзі тілдерінің бір-бірінен нендей айырмашылықтары бар? Міне, «Жалпы тіл білімі» пәнінің шешуге тиісті өзекті мәселелері-осылар.
Дүние жүзінде тілдер өте көп (3-5мыңдай). Олар құрылымы жағынан алуан түрлі.Солай бола тұрса да, олардың бәріне бірдей тән ортақ қасиеттері, ортақ заңдылықтары болады.Мәселен, тіл атаулының бәрі қатынас құралы қызметін атқарады. Бұл- дүние жүзіндегі тілдерінің тілдік элементтері жағынан біркелкі болатындығының дәлелі.
Тіл атаулының бәрі заман өткен сайын өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Бұл да тілдердің барлығына тән, бәріне ортақ қасиет. Айта берсек, барша тілдерге ортақ мұндай қасиеттер көп.Олай болса, «Жалпы тіл білімі» тіл атаулының барлығына тән осындай ортақ мәселелерді, ортақ заңдылықтарды сөз етеді.
Сонымен, «Жалпы тіл білімі» дегеніміз - тіл туралы ғылымның өткен жолын,тарихын, бағыт-бағдарын, әдістерін белгілейтін жалпы теориялық пән.Оның басты мақсаты- тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне жүйелі түрде талдау жасап, олардың өзіндік сипаттарын айқындау. Ондай өзекті мәселелердің қатарына мыналар жатады:
1) Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні (Тілдің табиғаты дегенде оның қандай құбылыстар қатарына жататындығы, яғни ол қоғамдық құбылыс па, болмаса табиғи құбылыс па? Әлде психологиялық құбылыстар қатарына жататын шығар?-деген сияқты мәселелер сөз болады. Ал тілдің мәні дегенде оның өзіндік сипаты мен атқаратын қызметі әңгімеленеді).
2) Тілдің құрылысы, яғни құрылымдық, жұйелік, таңбалық сипаттары; құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынастары.
3) Дыбыс тілінің шығуы тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі-сыртқы себептер, тілдер дамуында болатын дифференциациялық(бөліну, саралану,даралану), интеграциялық( бірігу,топтасу) процестер,жалпы халықтық тіл, әдеби тіл, сөйлеу тілі,т.б.
4)Тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, яғни клласификациясы.
5)Тіл білімінің зерттеу әдістері,т.б.
Міне бұлар-бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бірінен-бірі туындайтын мәселелер.Бұл мәселелер- тіл білімінің өзіндік сипаты, ерекшелігі,зерттеу әдісі бар дербес ғылым екендігін танытады.
Ескертетін нәрсе-жалпы тіл білімі жеке тіл білімдерінен(мәселен, қазақ, орыс тіл білімдерінен) бөлек тұрған нәрсе емес.Ол сол жеке тіл білімдерінің тұжырымдарына негізделеді.Басқаша айтқанда, жеке тілдерді зерттеуден туған қорытындылар жалпы тіл біліміне материал болады.Ал тіл білімінің жеке тілдерді зерттейтін саласы өз зерттеулеріне жалпы тіл білімі жасаған теориялық тұжырымдарға сүйенеді,соларды басшылыққа алады.Бұл-жеке тіл білімі мен жалпы тіл білімі бір-бірімен байланысты деген сөз.
Біз тіл білімінің негізгі проблемаларын үш тарауға бөліп қарастырамыз.Олар:1)Тіл білімінің тарихы, 2)Тіл білімінің теориясы, 3)Тіл білімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет